Атырау, 27 шілде 05:09
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Өтініш беріп үлгеру керек

1 613 просмотра

- Менің балам Ресей мектептерінің бірінде оқиды, бірақ қазақстандық жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отыр. Ол ҰБТ-ға қатыса ала ма?

Марина

- ҰБТ-ға қатысуға өтініш 1 наурыздан 25 сәуір аралығында қабылданады. Сіздің балаңыз осы мерзім ішінде Қазақстанға келіп, жергілікті мектеп оқушыларының тізіміне ілінуі тиіс. Ол мейлі қазақстандық мектепте 1 сәуірден бастап оқыса да, бастысы 25 сәуірге дейін ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгеруі керек. Сынақ тапсыруға қатысатындардың жалпы республикалық мәліметтер базасы дәл сол күні жабылады, - дейді облыстық білім беру басқармасының бас инспекторы Бәтима БАХТИЯРОВА. - Одан басқа да жол бар, жыл сайын шілде айының екінші жартысында жергілікті жоғары оқу орнының базасында кешенді тестілеу жүргізіледі. Бұл да ҰБТ талаптарына сай келеді: емтихан тестілеу түрінде сол пәндер бойынша өткізіледі, жоғары балл жинағандар тегін оқу грантына ие болады.

8 тамыз 2012, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.