Атырау, 27 желтоқсан 07:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Анықтаманы сот арқылы алуға болады

1 770 просмотра

– Менің қызым декреттік демалысқа шыққанға дейін 7 ай бойы «Көктем» базарындағы жиһаз бөлімінде сатушы болып жұмыс жасады. Есеп-қисап жұмысын жасап, оны интернет бойынша жіберіп отырды. Декреттік құжаттарын дайындау барысында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы одан жұмыс орнынан анықтама сұратқан, ал дүкен қожайыны оны беруден бас тартты, өйткені, ондай жағдайда салық органдарына қатысты проблемалар (ол еңбек шартын жасамаған және әлеуметтік жарналарды аудармаған) туындап қалмақшы. Мұндай жағдайда  біз не істей аламыз? Оның жұмыс істегенін қалай дәлелдейміз?

Телефон арқылы

«Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЁВАтүсінік береді:

– Бұл жағдайда жұмыс берушінің әрекеті заңсыз. Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-бөлімі 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған мезгілде қызметкермен тәртіп бойынша және осы Кодексте көрсетілген талап бойынша еңбек шартын жасауға міндетті. Осы кодекстің 33-бабы, 1, 2- тармағына сәйкес жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші еңбек келісім-шартының негізінде акт рәсімдейді. Жұмыс беруші үш күн мерзім ішінде қызметкерді актпен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқандығы қызметкердің қолымен куәландырылады.

Еңбек заңнамаларының нормаларында еңбек шартын жасау, әлеуметтік және басқа да міндетті жарналарды аудару жұмыс берушінің міндетіне берілетіндігі айтылған.

Осыған байланысты жазбаша түрде еңбек келісім-шартының жасалмағандығына қарамастан қызметкерлердің алдындағы еңбек міндеттемелерінің орындалмауы жұмыс берушінің қызметкерге еңбекақысын төлемеуін, міндетті әлеуметтік басқа да міндетті жарналарды аудармауы, жұмыс орнынан анықтама берілуі тиісті.

Бұл сауалдан жұмыс берушінің тарапынан еңбек заңнамасының бұзылғандығы көрініп тұр. Сондай-ақ, оның қызметкер үшін әлеуметтік жарналарды төлемеуі қызметкерге оның жүктілігі және бала тууына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді  тиесілі мөлшерінен аз көлемде алуына әкеліп соқтырады. Мұндай фактілердің анықталуы қазіргі қолданылып жүрген заңнамаларда қарастырылғандай жұмыс берушіні жауапкершілікке тартуға негіз бола алады. Сіздің қызыңыздың Атырау облысы еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне немесе прокуратураға еңбек заңдылығының бұзылуы барысында тиісті ұйғарымдар шығаруға немесе сотқа шағымдануына құқығы бар.

11 шілде 2012, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.