Атырау, 29 наурыз 16:55
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Кезекке тұрыңдар, бөбектер

2 774 просмотра

- Менің қызым қазір 2 жаста. Біз қалалық білім бөліміне балабақшаға орналасу үшін кезекке тіркелгеніміз жоқ. Ал жекеменшік балабақшаға бару қымбатқа соғады.  Осыған орай, көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алғым келеді: бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны қанша екен? Қалалық білім бөліміне қарасты балабақшалар саны қанша? Жыл басынан бері қанша сәби балабақшаларға орналастырылды? Өткен жылғы мамыр айынан бері қанша бала балабақшаға барды? Бір жылда шамамен қанша бала балабақшаға жолдама алады? Қалалық білім бөлімі тарапынан жекеменшік балабақшалар жұмысымен танысу құқығы бар ма? Мектептердегі мини-орталықтар саны қанша? Және онда 4 жастан кіші баланы беруге рұқсат етілген бе? Баланы сол орталыққа беруге жолдаманы алу үшін қайтпек?

Телефон арқылы

Сұрақтарға қалалық білім бөлімінің бастығы Фаруза ШАҢГЕРЕЕВА жауап берді:

- Бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны – 0 мен 6 жас аралығындағы 9 968 бала. Қазір қалалық білім бөліміне қарасты 32 балабақша бар. 2012 жылы қаңтар айынан бастап жаңадан ашылған Авангард және Атырау ықшам ауданындағы 280 орындық балабақшаларға 560 бала орналасты.

2011 жылы мамыр айында 5 490 бүлдіршін балабақшаларға барды. Қалалық білім бөлімінің жекеменшік балабақшалар жұмысымен танысу құқығы бар. Себебі, мемлекеттік лицензия қалалық білім бөлімі арқылы беріледі.

Ал мектептердегі шағын орталықтар саны – 33. Орталықта 3 пен5 жас аралығындағы балалар тәрбиеленеді. Онда балалар 4 сағат уақытын өткізеді. Шағын орталыққа бару жолдаманы қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінен алады.

14 наурыз 2012, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.