Атырау, 13 қазан 05:32
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Кедергіні кім салады?

1 792 просмотра

– Біз Құнанбаев көшесі, 30-үй мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздің қарсы алдында (Оң жақ Перетаска) жолдың ар жағында аялдама мен жүргізушілер тіптен елемейтін жаяу жүргінші өткелі бар. Күн сайын дерлік жүргіншілер өткелінен жүргіншілерді қағып кетеді. Біз балаларымыз үшін қорқып, жолдан өзіміз өткізіп жібереміз. Өткен жылы көз алдымда бір қызды, ал кейін, сәбилі әйелді қағып кетті. Биыл екі ай бұрын көз алдымда бір машина жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан бір баланы қақты. Бірнеше апта бұрын таңғы сағат 5-те өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина электр тарату бағанына соғысты. Жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағынан және №6 мектептің алдынан міндетті түрде жол кедергісін салу керек. Мұнымен кім айналысуы тиіс?

Телефон арқылы

ІІД ЖПБ жол-күзет қызметі бөлімшесінің бастығы Талғат МАРДЕНОВТІҢ айтуынша, жол полицейлері жол белгілерін, бағдаршамдарды орнатуға қатысты өз ұсыныстарын үнемі қалалық биліктердің қарауына жіберіп отырады екен. Осы ұсыныстардың қатарында қала мектептерінің маңынан жасанды жол кедергілерін орнату да бар. Алайда осы жұмыстарды жүргізуге ақша бөлу туралы шешімді билік қабылдайды.

– Қалалық мәслихаттың мамырдағы сессиясында осы жұмыстарға қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Біз оған мамырда кірістік және қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алайда биылғы бюджетте қаржыландыратын жұмыс көлемінде жол кедергілерін орнату қарастырылмаған, - дейді «Атырау ДорЗнак» ЖШС директоры Николай БЕЛКИН.

4 шілде 2012, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.