– Менің балам жиі сырқаттанып қала береді, №2 емханада бізге тұмауға қарсы екпені салудан бас тартты. Бізге әрбір учаскеде тек 5 балаға ғана екпе салынатындығын айтты. Неге олай?
Телефон арқылы
Сауалға №2 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира ШАМАЕВА жауап берді:
– Ересек тұрғындарға (60 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу органдары ауыратын адамдар) вакцина егу үшін емханаға 300 мөлшерде вакцина бөлінді, жиі ауыратын және есепте тұрған балаларға – 170 және одан бөлек 150 вакцина жүкті әйелдерге бөлініп отыр. Тегін вакцина егу 1 қазаннан басталды, қазір аяқталуға жақын. Бізде жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмыс жасайтын 10 педиатриялық учаске және 3 учаске бар. Әрбір учаскеге 13 тегін вакцинадан келіп тұр. Оның үстіне, көптеген жүкті әйелдер ерікті вакцинадан бас тартуда, сондықтан да бұл артық