Атырау, 4 ақпан 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Қоғам

Жатқұрсақ бала, жалдамалы ана Қоғам

Жатқұрсақ бала, жалдамалы ана

Жақында туысқаныма студенттік кездерден бері араласып тұратын бір құрбысы хабарласып, суррогат ана болуды өтініпті. Туысқаным тұрмыста, екі баласы бар. Құрбысы негізінен осындай әйелді тауып бер деген өтінішпен хабарласқан екен. Сөйтіп біз суррогат ананы іздей бастадық, бұл өте қиын шаруа екен. Бәрін басынан бастап баяндайын. 14 қараша 2019, 00:00 5 625 рет қаралды
Әркімге өз діні Қоғам

Әркімге өз діні

Бүгінде Атырау облысы бойынша 31 ислам, 3 православ,  2 католик, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген. 40 ғибадат үйі  -  31 исламдық, 2 православтық, 2 католиктік және 5 протестанттық шіркеу - жұмыс істейді Сонымен қатар діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы 17 сауда нүктесі, қоғамдық орындарда 5 намазхана бар. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Қайрулла КӨШҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.         11 қараша 2019, 21:22 4 182 рет қаралды
Дауың болса, биге бар Қоғам

Дауың болса, биге бар

Атырау облысында билер кеңесі жыл басынан бері  250-ге жуық отбасы мәселесін қараған. Олардың 16-сы ажыраспауға шешім қабылдаса, 168 жағдайда алимент, баланы қамқорлыққа алу дауларын бітімгершілік жолмен шешкен. Ал қалған материалдар сотқа жіберілген. Бұл туралы брифингте «Атырау облысының билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғаббас ХИСМЕТТУЛЛИН мәлімдеді. 11 қараша 2019, 22:24 3 985 рет қаралды
Жаңа бас имам тағайындалды Қоғам

Жаңа бас имам тағайындалды

18 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі болып Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ тағайындалды. Бұл лауазымда соңғы 6 жыл отырған Батыржан МАНСҰРОВ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімін басқарады.   19 қазан 2019, 13:54 4 611 рет қаралды
«Еңбекақыны маңдай терің кеппей тұрып аласың» Қоғам

«Еңбекақыны маңдай терің кеппей тұрып аласың»

АЖ тілшісі қаладағы «Дина» сауда үйінің артында көпшілікке «пятак» деген атаумен танылып кеткен жалдамалы жұмысшылар тұратын жерге барып, көп қызықты нәрселер біліп қайтты. Ең маңызды алған әсері – бұлар қоғамнан шет қалған адамдар емес, өз жұмыстарын ешкімнен кем санамайтын бір-бір үйдің азаматтары. Бұл жерде тек жергілікті тұрғындар ғана емес, Орал, Шымкент, Қызылордадан келгендер де нәпақасын тауып жүр. Әрине, өзбекстандық бауырларымыз, дәлірек айтқанда, қарақалпақтар да бар. Сурет 17 қазан 2019, 00:00 6 462 рет қаралды
Құрақ көрпеге шетелден де сұраныс бар Қоғам

Құрақ көрпеге шетелден де сұраныс бар

11-13 қазан аралығында Атырауда алғаш рет «Көрпе Fest»  мегафестивалі өтті. Фестивальге барлық аудандар мен Орал қаласынан арнайы келген жүзден аса қыз-келіншектер қатысты. Сондай-ақ көрмеде 50-ге жуық қатысушының инсталяциясы көпшілік назарына ұсынылды. Сурет 15 қазан 2019, 09:57 6 834 рет қаралды
Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды Қоғам

Атырауда дәрігерлер тамызғыштың қақпағын жұтып қойған сәбиді аман алып қалды

Бір жасар сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.  Дәрігерлердің айтуынша, бала тамаққа шашалып, сол түннен  қызуы көтеріле бастаған.  Екі күн өткен соң науқастың жағдайы нашарлап,  №2 облыстық ауруханаға жатқызылған.  Тексеріс кезінде дәрігерлер асқазанда пластмассалық тамызғыштың қақпағының барын анықтады, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникация қызметі. 14 қазан 2019, 13:26 4 073 рет қаралды
Атыраулық  дәрігерлер алты айлық сәбидің өмірін аман алып қалды Қоғам

Атыраулық дәрігерлер алты айлық сәбидің өмірін аман алып қалды

Кішкентай бөбектің ішек өтімсіздігі әсерінен шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  11 қазан 2019, 12:42 4 481 рет қаралды
Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»   Қоғам

Автобус жүргізушісі: «Егер қалтақағарларды полицияға хабарласам, олар мені өлтіруі мүмкін»

Жуырда Жерұйық ықшамауданында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар жарақат алған жол-көлік оқиғасы жергілікті полиция басшылары мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің кездесуіне басты себеп болды. Кездесуде бірталай маңызды мәселелер көтерілді.   5 қазан 2019, 11:30 6 774 рет қаралды
Ресейлік күйші де құр кетпеді Қоғам

Ресейлік күйші де құр кетпеді

24-25 қыркүйек күндері Атыраудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы халықаралық «Алтын домбыра» күй байқауы өтті. Күйсайысқа Ресей, Тәжікстан, Қарақалпақстан және еліміздің әр түкпірінен 19 үміткер қатысып, күйші-композитор, профессор Айтқали ЖАЙЫМОВ төрағалық еткен қазылар алқасы бағасын берді. 27 қыркүйек 2019, 09:40 5 213 рет қаралды
Бостандық, өлім немесе ұрықсыздандыру? Қоғам

Бостандық, өлім немесе ұрықсыздандыру?

Атырау қалалық ветеринарлық станцияның мәліметтері бойынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында облыс орталығының аумағында 9 800 қаңғыбас иттер мен мысықтар атылған. Өткен жылы бар-жоғы 12 мыңы атылды. 9 тамыз 2019, 09:36 5 077 рет қаралды
Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім? Қоғам

Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім?

Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды қылмыс деп танымау Ресей заңнамасындағы осыған сәйкес өзгерістерден кейін орын алды. Енді ол үшін қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Заңға жүгіне отырып, осындан кейін кодекстерде қандай өзгерістер болғанын салыстырайық. 8 тамыз 2019, 15:55 5 111 рет қаралды
​Қайсар Қуат Қоғам

​Қайсар Қуат

Жол көлік апатынан кейін мүгедек арбасына танылса да, тағдырдың ауыр соққысына мойымай, өзінің жеке кәсібін ашпаққа ниеттенген Индер ауданы Елтай ауылының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі Қуат ЖАНЕСЕЕВ туралы жеті жыл бұрын «АЖ» мақала жарияланған болатын. Қазір кәсібін дөңгелетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген, жүзінен өмірге деген асқан құлшынысты көруге болатын жас жігітке еріксіз риза боласың. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2019, 14:20 6 844 рет қаралды
Супермаркеттегі «Каминг аут» және табиғатқа жаны ашыған қалалықтың бастан кешкендері Қоғам

Супермаркеттегі «Каминг аут» және табиғатқа жаны ашыған қалалықтың бастан кешкендері

Сәнді трендте қалай болу керек? Оп-оңай! Қоқыстарды сұрыптап, тор сөмкемен сауда жасаңыз. Іс жүзінде бұл оңай шаруа емес екен. Бірақ «АЖ» тілшісі тырысып көрген еді, бұл тәжірибені сәтті шықты деуге болады. Сурет 27 шілде 2019, 13:53 5 795 рет қаралды
"Арыстағы аласапыранда бізді осы періште қорғап қалған сияқты" Қоғам

"Арыстағы аласапыранда бізді осы періште қорғап қалған сияқты"

Дүйсенбінің шуағын шашқан ертесі еді. Жұмысқа берілген педагогтар 825 нөмірлі оқу пунктінің дәлізінде ерсілі-қарсылы жүр. Кеше өткен ҰБТ нәтижелері бойынша аппеляциялық комиссия кабинеттердің бірінде қызу талқылау үстінде. Кенет... Атырау мұнай және газ университетінің доценті Балбөпе ӨТЕНОВА сол күні таңертең болған оқиғаны көпке дейін ұмыта алмайтын шығар. Өйткені ол сол кезде Арыс қаласында болған еді. 1 шілде 2019, 11:37 4 563 рет қаралды
Нұрсаядағы каникул Қоғам

Нұрсаядағы каникул

Жақында Атырау қаласы мен қалаға қарасты ауылдық округтерде Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Нұр белес" қоғамдық бірлестігі жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді өткізуге арналған ақысыз аула клубтарын ұйымдастырды. Орталықтарда балалар домбыра, гитара, баян, робототехника, ментальді арифметика, ағылшын тілі, шахмат, үстел теннисі, драма, дебат, жас аспаз, қолөнер, бисермен тоқу, тігін  және би өнері бойынша сабақ ала алады. Сурет 25 маусым 2019, 10:17 4 414 рет қаралды
Тік пандус және шаң басқан көтергіштер Қоғам

Тік пандус және шаң басқан көтергіштер

Жақында мүмкіндіктері шектеулі жандар тобы Атырау ғимараттарында пандустардың талаптарға қаншалықты сай екенін өздері тексеріп көру үшін жиналды. Олар алдын ала драма театрдың алдында кездесуге келіскен. «Арбадағы жандар» осы жерде кездейсоқ шенеуніктермен кездесіп, өз реніштерін білдірді. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 20:37 5 930 рет қаралды
Шын мықты жекпе-жекте олжа салар Қоғам

Шын мықты жекпе-жекте олжа салар

Жуырда Атырау облысы айтыскерлерінің арасында тұңғыш рет жекпе-жек айтыс жобасы басталды. Мақсаты - айтыстың қазіргі кезде сирек қолданылып жүрген жұмбақ, өтірік өлең, қайым айтыс секілді жанрларын қайта жаңғырту. Жобаның алғашқы жұбы ретінде исатайлық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ пен тілшілеріңіз - Құрманғазы ауданы атынан шыққан Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 7 мамырда Құрманғазы ауданында, 9 мамырда Исатай ауданында айтысты. Бейнежазба 14 мамыр 2019, 12:15 4 868 рет қаралды
Коммуналдық тамұқтағы екі бөлме ме, әлде жайлы бір бөлмелі пәтер ме? Қоғам

Коммуналдық тамұқтағы екі бөлме ме, әлде жайлы бір бөлмелі пәтер ме?

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ мұнайлы астанадағы бірқатар апатты үйлерді аралап шықты. Олардың көбі ескі жатақханалар. Үйлердің көрінісі бұрынғы дәуірде қалғандай: қабырғаларының тозығы жетіп, төбелерінен су аққан, жертөлелері суға кетіп, сымдары жалаңаштанған, санитарлық тораптары жоқ. Сурет 4 мамыр 2019, 17:06 5 855 рет қаралды
Атырау аспанындағы түркі әуені Қоғам

Атырау аспанындағы түркі әуені

26-28 сәуір күндері Атырау қаласында «Саз пернелі Сарайшық» атты халықаралық түркітілдес халықтардың ішекті аспаптар фестивалі өтті. Тарихи Сарайшық қаласын ұлығылау мақсатында өткізілген шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан және Индонезия, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Хакасия, Әзірбайжан және Қырғыз республикасынан өнер ұжымдары келді. Сурет Бейнежазба 29 сәуір 2019, 18:06 5 541 рет қаралды
Мұнайлы астана: даңқ па, даңғойлық па? Қоғам

Мұнайлы астана: даңқ па, даңғойлық па?

Атырау қаласында тұру тұрғындарға қаншалықты қолайлы деген ерекше зерттеу жүргізілді. «Мұнайлы астана: даңқ па, даңғойлық па?» деген атауы да мен мұндалап тұр. 18 бен 65 жас аралығында 300-дей адамнан жасырын түрде сауал алынды. 3 сәуір 2019, 12:14 7 145 рет қаралды
Ерекше балаларға арналған шеберхана Қоғам

Ерекше балаларға арналған шеберхана

2 сәуірде Атырауда мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Венера» инклюзивтік шеберханасы ашылды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені 2 сәуір – жұртшылықтың назарын осы мәселеге аударуға бағытталған Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні.  Сурет 2 сәуір 2019, 17:54 5 389 рет қаралды
ЖИТС-орталығы кабинетіндегі перизаттар Қоғам

ЖИТС-орталығы кабинетіндегі перизаттар

Жаңа үйлер салу және көше камераларын орнату жезөкшелікті  қалайша жаңа технологиялық деңгейге көтере алды? Неліктен жергілікті «көбелектер» соңғы кездері Ақтауда «жұмыс істеуді» жөн көреді? Олардың жеке өмірлерінің келешектері қандай? Мұнайлы астанадағы «түнгі перизаттарға» қатысты осы және басқа да жайттар туралы «АЖ» тілшісі анықтаған еді. 19 наурыз 2019, 15:47 5 158 рет қаралды
Ел қорғауға әзірміз! Қоғам

Ел қорғауға әзірміз!

16 наурызда көктемгі әскер қатарына шақыртылғандардың алғашқы тобы Атыраудан аттанып кетті. Олар Қазақстан шекарасын қорғамақ. Жігіттер әскер қатарына алынбас бұрын қандай тексерулерден өтеді, неге олар жалғандық детекторымен тексеріледі және ҚР Президентінің элиталық қорғау қызметіне қалай ілігуге болады? Бұл туралы «АЖ» тілшісі анықтаған еді. Сурет 19 наурыз 2019, 19:54 4 439 рет қаралды
Ескі заттарға қарасаң - сағыныш кернейді Қоғам

Ескі заттарға қарасаң - сағыныш кернейді

Жақында, анам келекелеп айтатындай, жасауым салынған қораптарды жинап шықтым. Ішінде крафт қағазға оралған КСРО кезінде шыққан хрусталь вазалар, жылтыраған күміс қасықтар мен түрлі дастархандар жатыр. Қораптың ең түбінен өткен күнге деген сағынышымды туғызған затты тауып алдым... 7 наурыз 2019, 00:00 6 956 рет қаралды
Кішкентай «еріктілер» және үлкен ақша Қоғам

Кішкентай «еріктілер» және үлкен ақша

Олармен үлкендерше әңгімелесіп, келісімшарт жасап, жалақы төлейді, жұмыстан шығарады. Бәрі толық болу үшін сырқаттану парақшасы мен еңбек демалысы жетпей тұр. Мектепке баруға да уақыттары жетсе ғой... Бірақ оларға мектептің не қажеті бар, ол жерде ақша төлемейді ғой. Сурет 28 ақпан 2019, 00:00 4 221 рет қаралды
Атыраудағы ит-өмір Қоғам

Атыраудағы ит-өмір

Атырауда бұралқы иттер аз емес. Олар тобымен әр түкпірден шыға келіп, жүргіншілердің зәресін алады. Кейбірі, керісінше, жалғыз-жарым жүреді. Құйрықтарын бұлғаңдатып, жылы алақанымен сипар деген үмітпен адамдарға жақын жүруге тырысады. Бұлар – қожайындарына керек болмай, қуып жібергендер қатарынан. Қай-қайсысына да, ерте ме, кеш пе, улы жебе тиері сөзсіз. 14 ақпан 2019, 00:00 4 454 рет қаралды
​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​ Қоғам

​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​

Қала тазарту қызметін жақынырақ білу үшін бір күн «Арнайы автобаза» қызметкері болуды ұйғардым. Бірақ сынақ аяқталғанда арқамның қатты ауыратынын білгенде мұны жасамас едім. Сурет Бейнежазба 14 ақпан 2019, 00:00 4 467 рет қаралды
Алтын алқаның артында Қоғам

Алтын алқаның артында

Астанада ата-анасы түнде жұмысқа кеткен кезде өртеніп кеткен бес баланың қайғылы қазасы елді аяғынан тік тұрғызды. Билік өкілдері көпбалалы отбасылардың жағдайына аяқ астынан көңіл бөле қойды, ал бұған қаншалықты шындап кірісетіндігі және қанша уақытқа созылары басқа мәселе. «AЖ» тілшісі балалары көп атыраулық екі отбасына барып, олардың жағдайы қиын болса да үміттерін үзбегеніне көз жеткізіп қайтты. Сурет Бейнежазба 13 ақпан 2019, 14:48 6 626 рет қаралды
Атыраудағы қысқы марафон Қоғам

Атыраудағы қысқы марафон

Бүгін, 10 қаңтарда Атырауда тұңғыш рет «ICE RACE 2019» қысқы марафоны өткізіліп, оған 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Негізі, марафон деген аты ғана болмаса, жүгіру облыстық әкімдік ғимаратынан басталып, жағалаумен АМУ-ге дейін барып, облыстық әкімдік алдына кері келіп, 4 шақырымға ғана созылды. Сурет Бейнежазба 10 ақпан 2019, 17:48 3 130 рет қаралды
Атыраудағы би мерекесі Қоғам

Атыраудағы би мерекесі

Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жерлесіміз, Халық әртісі Гүлжан ТАЛПАҚОВАНЫҢ атындағы I Халықаралық әлемдік ұлттар биі конкурс-фестивалі өтті. Сайысқа Қазақстан мен Ресейден 11 биші қатысты. Сурет Бейнежазба 24 қаңтар 2019, 00:00 7 577 рет қаралды
#10yearschallengе: Атырау 2009-2019  Қоғам

#10yearschallengе: Атырау 2009-2019

Биылғы қаңтар айының басында американдық журналист Деймон ЛЕЙН өзінің Фейсбуктағы парақшасында How Hard Did Aging Hit You Challenge - сізді жасыңыз қаншалықты өзгертті деген тақырыппен 2009 және 2019 жылдардағы фотосуреттерін қызықты түрде салыстырып, жариялаған еді. Әлеуметтік желілерде бұл идея тез тарала бастады. Тек бір аптаның ішінде #10yearschallengе хэштегіндегі жарияланымдар саны 2 миллионнан асып кетті. Пайдаланушылар өздерінің фотосуреттерімен қатар қалаларды, валюталарды, азық-түлік бағалары мен басқаларын салыстыра бастады. «AЖ» да осы үрдістен қалыс қалмай, соңғы 10 жылда Атырауда болған кейбір өзгерістерді бақылауды ұйғарды. Сурет 24 қаңтар 2019, 19:50 4 077 рет қаралды