Бір жасар сәби шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бала тамаққа шашалып, сол түннен қызуы көтеріле бастаған. Екі күн өткен соң науқастың жағдайы нашарлап, №2 облыстық ауруханаға жатқызылған. Тексеріс кезінде дәрігерлер асқазанда пластмассалық тамызғыштың қақпағының барын анықтады, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникация қызметі.
Арнайы отадан кейін сәби қарқынды түрде ем шараларын қабылдады. Қазіргі таңда бала үйіне шығарылып, толық қалпына келді.
Бір жасар сәбидің ата-анасының дәрігерлерге алғысы шексіз. Бүгінде баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ.
Атырау өңірлік коммуникация қызметі