Атырау, 25 қараша 08:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау аспанындағы түркі әуені

Сурет Бейнежазба
5 189 просмотра

26-28 сәуір күндері Атырау қаласында «Саз пернелі Сарайшық» атты халықаралық түркітілдес халықтардың ішекті аспаптар фестивалі өтті. Тарихи Сарайшық қаласын ұлығылау мақсатында өткізілген шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан және Индонезия, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Хакасия, Әзірбайжан және Қырғыз республикасынан өнер ұжымдары келді.

Байқау-фестивальге белгілі күйші Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА бастаған қазақстандық және шетелдік кәсіби өнер шеберлері қазылық етті. Байқау Ретро саяқбақта ашық аспан астында барлық қатысушылардың қосылып орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен қорытындыланды.

Байқау-фестивальдің бас жүлдесі мен 1 млн теңге сыйлығы Әзірбайжан мемлекетінің Баку қаласынан келген Аяз ИМРАНОВ жеңіп алды. Бірінші орынды Қызылорда қаласынан келген Абылайхан СКАКОВ (700 мың теңге), екінші орын Түркияның Стамбұл қаласынан келген Деңіс ГҮНЕШ пен Қырғызстанның Бішкек қаласынан келген өнерпаз Айзада ҚАСАБОЛАТОВАҒА (әрқайсысы 500 мың теңге) бұйырса, үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Эльвира БОШЫМБАЕВА, Талдықорған қаласынан келген Ботагөз ДҮНГЕНБАЕВА және Атырау қаласынан Темірбек ҚАЙДАРОВ (әрқайсысы 300 мың теңгеден) еншіледі.



Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор және Әсем ЖОЛДЫБАЕВА

29 сәуір 2019, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.