Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жерлесіміз, Халық әртісі Гүлжан ТАЛПАҚОВАНЫҢ атындағы I Халықаралық әлемдік ұлттар биі конкурс-фестивалі өтті. Сайысқа Қазақстан мен Ресейден 11 биші қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде мен 1 млн теңге сыйақыны астаналық Көркем ШОЛОШОВА еншілесе, Әсел ӘЛІБЕКОВА (Астана) бірінші орын (800 мың теңге) алды, Миляуша ХАЙБУЛЛИНА (Башқұртстан Республикасы) екінші орын (600 мың теңге), Камила МҰРАТ (Маңғыстау облысы) үшінші орын (400 мың теңге) иеленді.
Сонымен қатар, атыраулық Анел САРСЕНОВАҒА Талпақова атындағы арнайы жүлде (350 мың теңге) табыс етіліп, астаналық Анвара САДЫҚОВА «Үздік би қойылымы үшін», Ермұхан АЛТЫНБЕК «Үздік костюм үлгісі» номинацияларымен марапатталды (әрқайсысы 200 мың теңгеден).
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор
АЖ анықтамасы: Гүлжан Талпақова, биші-хореграф, Қазақстанның Халық әртісі, 1948 жылы Атырау қаласында дүниеге келіп, өнер жолын туған жерінен бастаған. Америка, Азия, Африка, Европа құрлықтарында өнер көрсетіп, 52 мемлекеттің сахнасында биін паш еткен.