Дүйсенбінің шуағын шашқан ертесі еді. Жұмысқа берілген педагогтар 825 нөмірлі оқу пунктінің дәлізінде ерсілі-қарсылы жүр. Кеше өткен ҰБТ нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия кабинеттердің бірінде қызу талқылау үстінде. Кенет... Атырау мұнай және газ университетінің доценті Балбөпе ӨТЕНОВА сол күні таңертең болған оқиғаны көпке дейін ұмыта алмайтын шығар. Өйткені ол сол кезде Арыс қаласында болған еді.
ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ - ҚАШУ ЕДІ
Балбөпе Арысқа 23 маусымда бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері бойынша апелляциялық тексеру үшін білім және ғылым министрлігінің өкілі ретінде барыпты.
- Ғимарат ішінде отырдық, кенет дәлізден айқай-шу естілді. Бастапқыда мән бермедік. Бес минуттан кейін жарылыстың дауысын естіп, сыртқа атып шықтық. Айнала айқай-шу, сұмдық болып жатыр екен. Снарядтар бірінен кейін бірі жарылып, аспан жерге түскендей, соғыс басталып жатқандай. Бәрі қашып жатыр екен, біз де қаштық, - деп деп бастады әңгімесін Балбөпе Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы ұйымдастырған кездесу кезінде.
- Біз ұзақ қаштық, қатты шаршадық. Ауылдан шыққанда, қыр басталды. Жолда өтіп бара жатқан көліктерге отырмақ болдық, бірақ іші лық толы еді. Өте қорқынышты болды. Бағымызға қарай бір машина тоқтады.
Рөлде Досмұхаммед ӨМІРТАЕВ деген жас жігіт отырыпты.
- Айналада жүгіріп жүрген адамдар көп қой. Жанымыздан қолында бір айлық баласы бар әйелді көрдік. Қатты абдырап қалған, не істерін білмейді. Біз оны отырғызып алдық та, әрі қарай жүріп кеттік. Сәл жүргеннен кейін қиын қозғалған, қолында таяғы бар әжейді кездестірдік. Ығысып, оны да көлікке отырғызып алдық. Сол кезде көлік ішінде 7 адам болғанбыз.
«АНА МЕН БАЛАДАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛАМЫЗ БА ДЕП ҚОРЫҚТЫҚ»
Біраздан соң Балбөпе мен басқа жолаушылар жол бойында тоқтап тұрған көлік жанынан қасында дәрігері бар жүкті әйелді көрген. Кейінірек әйелдің есімі Кенже екенін біліпті.
- Ол қол көтеріп, көлік тоқтатып тұр екен, - деп еске алады Балбөпе. – Досмұхаммед тоқтап, ығысып отырып, акушер әйел екеуін де салонға алдық. Сол кезде бізді ГАИ қызметкерлері тоқтатар еді деп ойламадық та...
Біраз уақыттан соң далалық бітіп, әлдебір елді мекенге апаратын жолға шықтық. Сол кезде әйелдің толғағы басталды.
- Біз Кенжені осы елді мекеннің ауруханасына апармақ болып үміттендік, бірақ онда ешкім жоқ екен, тұрғындардың бәрі қашып кеткен, - дейді Балбөпе. – Көлікте босандырып аламыз ба деп ойладық. Бірақ Досмұхамедтің қайсарлығының арқасында келесі Ақжар ауылына жетіп, бірінші кездескен үйге кірдік.
Үй иелеріне жағдайды түсіндірдік. Олар босандыру үшін бөлме дайындап берді.
- Сол кезде бүкіл қорқыныштың бәрін ұмытып кеттік. Қыз бен сәби үшін қорықтық. Жедел жәрдем күту мүмкін болмады. Өйткені жақын маңдағы аурухана Қазығұрт ауылында болатын. Бірақ ол жеткенше анасы мен сәбиінен айырылып қалар едік. Сондықтан әйелді өзіміз босандыруға тура келді. Үй иелері көрпе-жамылғылар, қолға түскен керек нәрселерді әкелді.
Әйел ауыр босанды. Салмағы 4 келі 200 грамм қыз бала дүниеге келді. Кіндігі мойнына оралып қалған екен. Ең бастысы, анасы мен сәбиі аман қалды.
- Кенже жүргізушіге дән риза. Ол бізге сәби ұл болса есімін Досмұхаммед деп қояр едім деді. Бірақ қыз бала дүниеге келген соң, сәбиге оның анасының есімін беруге кеңес бердік. Сөйтіп сәбидің есімі Камила болды.
БЕЙБІТ ӨМІРДЕГІ СОҒЫС
Сәбиі мен анасын ауруханаға алып кеткеннен кейін Балбөпе басқа жолаушылармен және Досмұхамедпен бірге Монтайтас ауылына кетті. Сол жерде мектеп ғимаратында штаб ұйымдастырылған екен.
- Мұндайды тек соғыс туралы кинолардан көрген едім. Бейбіт заманда мұндай нәрселердің орын алғаны қорқынышты. Мұндайды ешкімнің басына бермесін, - дейді Балбөпе.
Біраз уақыттан кейін ол Шымкент қаласына барып, сол жерден астанаға автобуспен жеткен. Сол жақтан үйіне - Атырауға келді.
- Кенже мен Камиланың жағдайы жақсы. Жақында ғана хабарластық. Меніңше бізді осы періште сәби құтқарып қалған сияқты.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор