Атырау, 25 қараша 10:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейлік күйші де құр кетпеді

5 030 просмотра


24-25 қыркүйек күндері Атыраудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы халықаралық «Алтын домбыра» күй байқауы өтті. Күйсайысқа Ресей, Тәжікстан, Қарақалпақстан және еліміздің әр түкпірінен 19 үміткер қатысып, күйші-композитор, профессор Айтқали ЖАЙЫМОВ төрағалық еткен қазылар алқасы бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде мен 1 млн теңге Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі Жарас САТЫБАЛДИЕВКЕ бұйырса, жүлделі бірінші орынды (700 мың теңге) Атырау облысынан қатысқан Индер мәдениет үйінің директоры Серік НСАНОВ жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды (әрқайсысы 400 мың теңгеден) алматылық Динара НҰРБАЕВА мен Астрахан облысынан келген Ильнур УТЕПКАЛИЕВ, үшінші орынды алматылық Назерке БАЗАРБАЕВА, Тоғжан ҚЫДЫРСИХОВА және талдықорғандық Ботагөз ДҮНГЕНБАЕВАҒА (200 мың теңгеден) қанжығасына байлады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қыркүйек 2019, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.