Атырау, 25 қараша 10:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әркімге өз діні

3 843 просмотра


Бүгінде Атырау облысы бойынша 31 ислам, 3 православ,  2 католик, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген. 40 ғибадат үйі  -  31 мұсылмандық мешіт, 2 православтық, 2 католиктік және 5 протестанттық шіркеу - жұмыс істейді. Сонымен қатар діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы 17 сауда нүктесі, қоғамдық орындарда 5 намазхана бар. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Қайрулла КӨШҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.

Атырау облысында 74 имам қызмет етеді. Оның 25-і жоғары білімді, 35-і орта білімді, 14-і сауат ашу курсын бітіргендер. Ағымдағы жылы Атырау облысы әкімінің  білім беру грантымен «Дінтану» мамандығы бойынша 2 студент Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, дәріс алуда.

Айта кетейік,  өткен жылы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмысын күшейту үшін «Интернет-карта» жобасы енгізілген болатын. Бұл карта негізінде қауіпті діни мағлұматтар автоматтандырылған түрде жиналып, сарапталады. Биыл жыл басынан бері осы карта арқылы 4 170-ке жуық  аккаунт қаралып, 183 аккаунт сараптамаға жолданған.

Әсем БОЛАТҚЫЗЫ 

11 қараша 2019, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.