Атырау қалалық ветеринарлық станцияның мәліметтері бойынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында облыс орталығының аумағында 9 800 қаңғыбас ит пен мысық атылған. Өткен жылы бар-жоғы 12 мыңы атылды.
Қалалық әкімдік қаңғыбас ит-мысықтармен күрес үшін екінші жартыжылдықта 8,7 млн теңге (бірінші жартыжылдықта – 27 млн теңге) бөлді. Тендерлік тапсырмаға сәйкес жұмысты атқарушыға бұл ақша үшін оқ ататын қаруды қолданбай, 4276 жануарды ұстап, көзін жою жөнінде бұйрық берілді.
Қалалық ветеринарлық станцияның директоры Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, соңғы жылдары қаңғыбас ит-мысықтар санының артуы аңшы қаруын елді-мекенді жерлерде қолдануға тыйым салынғалы байқалған екен. Ит атушыларға бытыра мылтықты қапқа салып қоюға тура келді. Қазір қаладағы қару сататын дүкендерде улы найзамен ататын пневматикалық мылтықтар көп, ит атушылар сонымен қаруланған.
- Сондықтан да қаңғыбас иттердің бақылаусыз өсу жағдайы енді шешілетін болады, - деп мәлімдейді С.Оразғалиев.
- Сонымен қатар «Мейірімді жүрек» қайырымдылық ұйымы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұрықсыздандыру және піштіру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастады. Жоба құны – 5 миллион теңге.
Аталмыш ұйым еріктілерінің бірі Альфия ОҚАШЕВАНЫҢ айтуынша, бүгінгі таңда олар 5 мысықты ұрықсыздандырған. Мұндай операция қаланың екі ветеринарлық клиникасында жасалады, мекеме олармен келісім-шарт жасасқан. Иесіз жануарлардың барынша кең ауқымды ұрықсыздандыру және піштіру жұмыстары таяу уақытта оларды операциядан соң таза және құрғақ торлы орын-жайды ұйымдастыру мәселесі шешілген соң басталмақ.
- Мәселе – дәл қазір біздің тәлімбақта орынның жоқтығынан туындап отыр, қазір онда жүзден аса ит және отызға жуық мысық бар. Бос қалған торлар жоқ, - дейді А.Оқашева. Одан шыққан жануарлардың құлағына нөмірі бар және операция жасалған ветеринарлық клиниканың мөрі соғылған сырға тағылады. Операциядан кейін бірнеше күннен соң жануарлар бостандыққа шығарылады.
Осы жобаның аясында «Мейірімді жүрек» ұйымы және қалалық ветеринарлық станция қаңғыбас мысықтарды атуға тыйым салу жөнінде меморандумға қол қойды.
Ал, қаңғыбас иттерге қатысты мынадай іс-әрекеттер қолданылмақ. Қалалық ветеринарлық станциясының қабылдау бөлмесіндегі 30-38-74 телефонына қаңғыбас итті жою жөнінде тапсырыс түскен соң ол кезекші атқыштар бригадасына хабарланады. Олар көрсетілген орынға келіп, бірнеше уақыт итті бақылауға алады, егер жануар өзін тыныш ұстайтын болса, олар «Мейірімді жүрек» ұйымына итті өздеріне ала ма деп қоңырау шалады. Егер алмайтын болса, уланған найзалы пневматикалық мылтықпен атады.
С.Оразғалиевтің айтуынша, қаңғыбас иттердің негізгі бөлігі қазір қаланың селолық округтерінде шоғырланған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
P.S. Қаңғыбас иттерден құпия сыр:
Азаматтар, сіздер қаңғыбас иттерді аулау бригадасын WhatsApp-та +7778-703-21-44 нөмір арқылы шақыра аласыздар.