Атырау, 22 желтоқсан 08:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді» Басқа жаңалықтар

«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді»

Өмірдің қиындығына тап болған ондаған тағдырды бір жерге тоғыстырған бұл «Аналар үйі» кәсіпкерлердің қолдауымен  Атырау облысында бес жыл бұрын ашылған еді.  Бүгінде 16 орынға арналған бұл орталықта 18 бен 28 аралығындағы 9 әйел тұрады. Барар жер, басар тауы қалмаған аналарға пана болған орталық туралы «АЖ» мақаласында.  Сурет 26 қараша 2019, 13:38 6 943 рет қаралды
«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу Басқа жаңалықтар

«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу

Мас жүргізушілер мен олардың "ұрысқақ" әйелдері, төбелесқорлар, арызданбастан бұрын анықталған ұрлық фактісі - бұл «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге өткізген екі түнгі рейд барысында «АЖ» тілшісі көргендерінің бір бөлігі ғана. Сурет Бейнежазба 26 қараша 2019, 14:12 7 260 рет қаралды
Жұдырығын жұмсаған америкалық кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Жұдырығын жұмсаған америкалық кешірім сұрады

Атырау қалалық әкімшілік соты АҚШ азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша іс қарады. 10 қарашада түн ортасында «Riviera Park Residence» қонақ үй кешенінің жанында 34 жастағы америкалық Майами тумасы мас күйде жергілікті тұрғынмен сөзге келіп, содан соң оны бетінен ұрған. 26 қараша 2019, 16:38 4 218 рет қаралды
«Жағдай солай болды, есіме түсіргім келмейді» Басқа жаңалықтар

«Жағдай солай болды, есіме түсіргім келмейді»

Бүгінде Атыраудағы тергеу изоляторында (УГ-157/1) қылмыстық істер бойынша әлі сот үкімін күтіп отырған  5 жасөспірім айыпталушы бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, қылмыс жасалған кезде 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар кәмелет жасқа толмағандар деп танылады. Егер қылмысты 14 жасқа дейінгі жасөспірім жасаған болса, қаншалықты ауыр болса да, ол жазаланбайды. Жақында ІІМ қылмыстық жауапкершіліктің жас шегін 12 жасқа дейін төмендету және жасы кіші қылмыскерлер үшін жазаны қатайту туралы бастама көтерген еді. Сурет 19 қараша 2019, 11:24 7 908 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: судья прокурорға шүйлікті Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: судья прокурорға шүйлікті

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсанында Жайықтағы балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша басталған сот процесі жалғасуда. Кезекті отырыс үш апталық үзілістен кейін болса да, қорғанушы тарап оған дайындалып үлгермеген екен. Ал ашуланған судья айыптаушы тарап өкіліне шүйлікті. 16 қараша 2019, 16:50 3 846 рет қаралды
Қасапшы қанішер болмауы керек Басқа жаңалықтар

Қасапшы қанішер болмауы керек

Атыраудағы мал сою цехтарының бірінде қасапшы тірі жылқыны балтаның сыртымен ұрып жатқаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап кетті. Бұл бейнежазба қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызды және полицияның назарын аударды. 13 қараша 2019, 18:28 6 181 рет қаралды
Әріптестерінің жалақыларынан ұрлаған Басқа жаңалықтар

Әріптестерінің жалақыларынан ұрлаған

Мақат аудандық соты сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деп айыпталған Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатының директорына, оның шаруашылық жөніндегі орынбасарына және бас есепшіге үкім шығарды. 13 қараша 2019, 21:13 3 361 рет қаралды
Жолда жау қуғандай жүру жақсылық әкелмейді Басқа жаңалықтар

Жолда жау қуғандай жүру жақсылық әкелмейді

Жыл басынан бері Атырау облысында республикалық маңызы бар жолдарда 42 жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде 24 адам қаза болды. Кісі өлімі «Атырау-Орал» трассасында көп болған. Сурет 12 қараша 2019, 12:09 4 317 рет қаралды
Перзентхана дәрігерлері пара беру үшін ақша жинаған ба? Басқа жаңалықтар

Перзентхана дәрігерлері пара беру үшін ақша жинаған ба?

Облыстық перинаталдық орталықта босану кезінде қайтыс болған Анаргүл МАЙЛЫБАЕВАҒА қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Естеріңізге салсақ, жақында №2 қалалық сотында «Адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» деп аталатын ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы бойынша айыпталған 4 айыпталушыға - облыстық перзентхананың 3 дәрігеріне және №2 емхананың дәрігеріне ақтау үкімі шығарылған еді. 5 қараша 2019, 11:17 3 879 рет қаралды
«Үміт жарығы» тағы да жарқ етті Басқа жаңалықтар

«Үміт жарығы» тағы да жарқ етті

Жақында өткен брифингте Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айгүл ТӘШЕНОВА еліміздің басқа қалаларындағы ауыр науқас балаларды емдеуге ересектердің жетекшілігімен қайырымдылық садақасын жинаған кәмелетке толмағандардың қызметі заңсыз болғанын хабарлады. Сурет 5 қараша 2019, 14:07 5 054 рет қаралды
"Пұлдай емес, малдай бердім" Басқа жаңалықтар

"Пұлдай емес, малдай бердім"

№2 қалалық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және білім беру саласының бұрынғы бірнеше қызметкеріне қатысты сот процесі жалғасуда. Қазір куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жүріп жатыр. 25 қазан 2019, 15:58 3 295 рет қаралды
Карлсонды ұнатпайтын елге саяхат Басқа жаңалықтар

Карлсонды ұнатпайтын елге саяхат

Қазақстан делегациясының құрамында Швецияның астанасы Стокгольм қаласына жол түсті. Бұл жаққа Internews ұйымы USAID қолдауымен жүзеге асыратын MediaCamp Орталық Азия бағдарламасы аясында қазақстандық судьялардың, баспасөз хатшылары мен журналистердің қатысуымен стади-тур ұйымдастырылған-ды. Турдың басты мақсаты - Швециядағы БАҚ-тар мен соттардың өзара байланысы, ақпаратқа қол жетімділік және бұқаралық ақпарат құралдары мен соттарға деген сенімділікті арттыру үшін қандай шаралар жасалып жатқанын білу болатын. Сурет 23 қазан 2019, 12:59 3 375 рет қаралды
Қырылған балықтар туралы іс: осынша су қайда кеткен? Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтар туралы іс: осынша су қайда кеткен?

№2 Атырау қалалық сотында былтырғы желтоқсанда Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты сот отырысы жалғасты. Кезекті отырыс тергеушілердің «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкері АҚБОТИННЕН жауап алған бейнежазбасынан басталды (оның өзі сотқа қатыспады).  Атап айтқанда, Жайықтан суды «ұтымсыз» алу туралы сөз қозғалды. 16 қазан 2019, 15:00 4 333 рет қаралды
Екі үйге бір жер тар болады Басқа жаңалықтар

Екі үйге бір жер тар болады

Жыл басынан бері Атырау қалалық сотында екі талапкердің бір жер учаскесіне таласуы бойынша 5 шағым қаралған. Соттасып жатқандардың көпшілігінде кезегімен белгіленген жер учаскесіне шешім күтіп отырған кезде бұл аумақ басқа біреудің иелігінде болып шыққан. Осындай түсініксіз жағдайға қала тұрғыны Ақмарал УАХИТОВА тап болыпты. Сурет 9 қазан 2019, 11:48 5 122 рет қаралды
Тасаға жасырыну және «білім беру жүйесінің» теріс жағы Басқа жаңалықтар

Тасаға жасырыну және «білім беру жүйесінің» теріс жағы

Бүгін, 9 қазанда Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА мен білім беру саласының бұрынғы бірнеше қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жариялау жалғасты. 9 қазан 2019, 20:43 6 586 рет қаралды
Атырау облыстық Полиция департартаменті бастығының орынбасары «лауазымынан айырылды» Басқа жаңалықтар

Атырау облыстық Полиция департартаменті бастығының орынбасары «лауазымынан айырылды»

ҚР ІММ 5 қазанда таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баспасөз хабарламасында «Бұл жұмыста алдын-алу сипатындағы тиісті шаралар алмаған басшылардың жеке жауапкершілігі өте маңызды» деп атап көрсетіп, «жетекшілік ететін бөлімше басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері басшыларының орынбасарлары қызметінен босатылды» деп хабарланды. Біздің өңірімізде 2016 жылдың қазан айынан бастап тағайындалған ПД басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Сұлтан МОЛДАШЕВ лауазымынан босатылды. 8 қазан 2019, 10:25 5 150 рет қаралды
Атыраудағы медицина хроникасы Басқа жаңалықтар

Атыраудағы медицина хроникасы

Соңғы кездері Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Мұздатқыш камерасына салынған тірі нәрестеге қатысты сұмдық жағдай бүкіл елді дүр сілкіндірді. Алайда Атырау медицинасы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің көрінісі ғана. Облыстық басқарма басшылығын ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. 8 қазан 2019, 13:52 4 879 рет қаралды
«ҚазТрансГаз Аймақ» монополияға қарсы қызметпен соттасуда Басқа жаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймақ» монополияға қарсы қызметпен соттасуда

Монополияға қарсы департамент сот арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалын өз қызметіне қосылғаны үшін тұтынушылардан қосымша төлемдер алуды тоқтатуға мәжбүр етті. Бірақ бұл хикаяның соңына нүкте әлі қойылмаған секілді. 8 қазан 2019, 14:38 3 340 рет қаралды
«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па? Басқа жаңалықтар

«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па?

Жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНҒА қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары Атырау облысына келді. 7 қазан 2019, 16:49 4 575 рет қаралды
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, сонымен қатар, білім беру саласының қызметкерлері Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, Құндыз ИМАНҒАЗИЕВАҒА, Қансұлу ЖАМИЛОВАҒА және Бейбіт ЗАБЕНОВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бірінші отырыс айыптау актісін жариялауға арналды. 3 қазан 2019, 12:41 5 887 рет қаралды
Басқа пәле «смайликтен» Басқа жаңалықтар

Басқа пәле «смайликтен»

Атырау қалалық №2 сотында азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты қозғалған сот ісі жалғасуда. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу туралы сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталуда. 1 қазанда сотталушыдан жауап алынды, бұл жолы оны қолдауға жергілікті белсенділер көп келді. Сурет 2 қазан 2019, 11:12 3 735 рет қаралды
Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау... Басқа жаңалықтар

Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау...

«Дәрігерлер ісі» соңғы кездері қоғамда кеңінен талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Президенттің тапсырмасымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВ пен анестезиолог Асқар ТҰҢҒЫШБАЕВҚА қатысты істі тергеуді өз бақылауына алды. Медицина қауымы әріптестерін қорғауға шықты. 30 қыркүйек 2019, 17:36 4 313 рет қаралды
Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты? Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты?

№2 Атырау қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Бұған дейін сот отырысы сотта төрағалық еткен Дәуренбек Даумовтың еңбек демалысына шығуына байланысты кейінге қалдырылған еді. Кезекті отырыста үш сотталушының бірі – «Атырау Су Арнасы» КМК директорының орынбасары Виктор СУЩЕНКО жауап берді. Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 17:00 4 369 рет қаралды
Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар Басқа жаңалықтар

Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар

№2 қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты сот процесі жалғасуда. Сурет 12 қыркүйек 2019, 10:44 6 247 рет қаралды
Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған Басқа жаңалықтар

Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған

7 қыркүйекте Астрахан тас жолында Исатай ауданы Новобогат ауылына жақын жерде белгісіз бір топ адам Астраханнан Атырауға бара жатқан өзбекстандық жүк көліктеріне тас лақтырған. Бұл туралы жүргізушілердің бірі Нурилло Нуритдинов Facebook-те бөлісіпті. Толықтырылды Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 11:19 4 770 рет қаралды
Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды

3 қыркүйекте Атырау қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-тармағына (Қоғамдық бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу шешiмiнен кейiн олардың қызметiне қатысу) сәйкес айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ ісі бойынша сот процесі басталды. Бір жарым жыл бұрын оны 174-бап бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысты, бірақ қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді. Алайда Мұқатова қазір тағы да жауапкершілікке тартылуда. Сурет 5 қыркүйек 2019, 15:06 5 115 рет қаралды
Қамаудағы Макс Боқаевпен кездескен Талғат Аян тұтқынның мойымағанын айтады Басқа жаңалықтар

Қамаудағы Макс Боқаевпен кездескен Талғат Аян тұтқынның мойымағанын айтады

Үкіметтің жер реформасына қарсы шеруге қатысқаннан кейін "алауыздық қоздырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу тәртібін бұзды" деген айыптар бойынша сотталып, түрмеде отырғанына үш жылдан асқан атыраулық белсенді Макс Боқаев қамаудағы жағдайына мойымаған, ол жазықсыз сотталдым деп санайды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбедегі қауіпсіздігі орта деңгейдегі КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Боқаевпен кездескен тағы бір атыраулық белсенді Талғат Аян хабарлады. 29 тамыз 2019, 09:57 3 580 рет қаралды
Сот әрбір екінші некені сақтап қалуға көмектесті Басқа жаңалықтар

Сот әрбір екінші некені сақтап қалуға көмектесті

Жыл басынан бері Атырау қалалық сотына ажырасу бойынша 749 арыз келіп түсіп, оның нәтижесінде 382 жұп ажырасқан. Ажырасқандардың ең жасы - 21 жаста болса, ең үлкені -63 жаста. Бұдан басқа, Сириядан қайтып келген әйелдер де соғыс алаңында қалып қойған күйеулерінен ажырасуға өтініш бере бастаған. Отбасының бұзылуы және ажырасу процесінің заңды мәселелері туралы Атырау қалалық соты төрағасының м.а. Нағима ИСКАКОВАМЕН талқылайтын боламыз.  10 тамыз 2019, 09:25 4 842 рет қаралды
«Картоп пен жұмыртқа ғана сырттан келеді» Басқа жаңалықтар

«Картоп пен жұмыртқа ғана сырттан келеді»

Өткен жылы жергілікті бюджетте субсидияларды төлеуге 1,2 миллиард теңге бөлінгені, алайда, оның 800 миллион теңгесі жыл соңында республикалық бюджетке игерілмеген қаржы ретінде қайтарылғаны естеріңізде болар. Осы мәселе Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ қатысумен өткен брифингте  тағы да айтылды.  9 тамыз 2019, 14:51 3 435 рет қаралды
"Өзен суы таза, бөшке тұрған жер ластанған" Басқа жаңалықтар

"Өзен суы таза, бөшке тұрған жер ластанған"

Облыстық экология департаменті осы жылдың 24 шілдесінде жарық көрген «Жайық жағасындағы бөшкелер адамдарды алаңдатты» деп аталатын жарияланымымызға жауап жолдады. Біз ашық аспан астында, дәл өзен жағасында, аумағында мұнай қалдықтары мен бұрғылау шламдарын тазартуға арналған болуы керек, түрлі заттар салынған бөшкелер мен қапшықтар сақталған, атауы жазылған маңдайшасы мен күзеті жоқ өндірістік база туралы жазған едік. Береке (бұрынғы Память Ильича) ауылында орналасқан бұл базаның «Нефтегазовый сервисный альянс» ЖШС-не (Ақтөбеде тіркелген, 30-ға дейін қызметкері бар шағын кәсіпорын, басшысы Р.Ф. Шакиров) тиесілі екені анықталды. 8 тамыз 2019, 09:35 5 316 рет қаралды
Балықтың қырылуы туралы іс: Тағы да химия сабағы өтті Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: Тағы да химия сабағы өтті

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Отырыста Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі Гүлжамал ЕЛЕМЕСОВАДАН тағы да жауап алынды. «Химия сабағы» жалғасын тапты. Сурет Бейнежазба 7 тамыз 2019, 11:41 3 789 рет қаралды
​Қырылған балық туралы сот ісі: Хлорлауды кім тексерді?​ Басқа жаңалықтар

​Қырылған балық туралы сот ісі: Хлорлауды кім тексерді?​

№2 қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы бойынша сот ісі жалғасуда. Соңғы отырыста куәгерлер ретінде «АтырауСуАрнасы» (АСА) КМК ауысымының шебері Геннадий АСТАХОВ пен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі Гүлжамал ЕЛЕМЕСОВАНЫ тыңдады. Сурет Бейнежазба 1 тамыз 2019, 11:53 3 549 рет қаралды
Алажағыңды қайтармаса, нотариусқа жүгін Басқа жаңалықтар

Алажағыңды қайтармаса, нотариусқа жүгін

Осы жылдың ақпанында «Нотариат туралы» ҚР Заңына едәуір өзгерістер енгізілді. Соның арқасында азаматтық істердің бір бөлігі судьялардың құзырынан нотариустарға - атап айтқанда, қарызды қайтару бойынша іс қарау блогы ауысты. Енді қарызды кез-келген нотариустың қарарымен туыстарынан, жұмыс берушіден немесе коммуналдық қызметтердің тұтынушысынан өндіріп алуға болады. 29 шілде 2019, 09:56 4 503 рет қаралды
Сот Талғат Аянның бостандығын шектеу жазасының күшін мерзімінен бұрын жойды Басқа жаңалықтар

Сот Талғат Аянның бостандығын шектеу жазасының күшін мерзімінен бұрын жойды

19 шілдеде №2 Атырау қалалық соты Атыраудағы «жер митингілері» бойынша сотталған азаматтық белсенді Талғат АЯНДЫ толық жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатты. 29 шілде 2019, 10:19 3 409 рет қаралды