Атырау, 23 қараша 23:13
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қасапшы қанішер болмауы керек

5 992 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Атыраудағы мал сою цехтарының бірінде қасапшы тірі жылқыны балтаның сыртымен ұрып жатқаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап кетті. Бұл бейнежазба қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызды және полицияның назарын аударды.

Бұл қала маңындағы Береке ауылының мал сою цехында болған жағдай екен. Атырау облыстық Полиция департаментінің тәжірибелі тергеушілері тергеу жүргізуде. Полицияның айтуынша, бұған жұртшылықтың жаппай наразылығы себеп болған:

- Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс департаменттің бақылауында.

Алдын ала айтылған мәліметтер бойынша, Берекедегі қасапшылар - Өзбекстан азаматтары. Алайда көпшілік басқа мал соятын орындарда да ірі қара осындай қатыгездікпен сойылатынына сенімді.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі осыған байланысты баспасөз хабарламасын таратты: «...Жылқыларды бастарынан балтамен ұрған ер адам анықталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр».

Фархат ӘБІЛОВ

13 қараша 2019, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.