Атырау, 23 қараша 20:36
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әріптестерінің жалақыларынан ұрлаған

3 263 просмотра


Мақат аудандық соты сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деп айыпталған Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатының директорына, оның шаруашылық жөніндегі орынбасарына және бас есепшіге үкім шығарды.

Тергеу барысында анықталғандай, олар интернат қызметкерлерінің жалақы шотына артық ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Жалақы «айырмашылықтарын» өздеріне алып, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Бұдан басқа, директор екі жеке кәсіпкермен генератор және жылу қазандығын жеткізу жөнінде келісімшарт жасап, техникалық шарттарға сай келмейтін және құрылғылары толық емес жабдықтарды қабылдаған.  Келтірілген залал - 3 миллион 500 мың теңге.

- Мектеп-интернатының директоры Б. Б. бір жылға бас бостандығын шектеу, оның орынбасары К.Г. - екі жылға бас бостандығын шектеу, бас есепші Ф.Б. бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қараша 2019, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.