Атырау, 24 желтоқсан 22:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па?

4 403 просмотра


Жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНҒА қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары Атырау облысына келді.

СӘТСІЗ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ осы Ақтаева және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила БҰЙРАБЕКОВА бастаған арнайы комиссия БАҚ-та сәби өлімі туралы ақпарат пайда болмай тұрып, Атырауға аттанды деп сендіреді.

Алайда бұл жерде сәйкессіздік бар: 4 қазанда Ләззат Ақтаева Нұр-Сұлтандағы брифингте өлген нәрестенің ата-анасынан кешірім сұрады. Біртанов та Президент әкімшілігі болған жайттан хабардар екенін мәлімдеп, Атырау облысындағы сәби өлімін азайту шараларын жасау туралы тапсырма берді.

Ал 4 қазанда кешке Атырау облыстық прокуратурасы тамыз айының ішінде Атырау облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келгеннен кейін 26 нәрестенің, ал қыркүйекте 16 нәрестенің шетінеп кеткені туралы баспасөз хабарламасын таратты. Бірақ бірнеше сағаттан кейін прокуратура оны кері қайтарып алып, жақында «дұрыс» цифрлармен басқа ақпарат берілетінін хабарлады.

4 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс ҚАБДОЛА «дерекқорда толтырылған құжаттарды түзету мүмкін болмағандықтан» дәрігерлер осылай әрекет етті деп мәлімдеді.

Бұл жай ғана сәтсіз шыққан тұжырым. Адам өміріне қатысты «мүмкін емес» деген сөз бола ма?

Дәрігерлердің жұмыста қиындыққа тап болмас үшін сұмдық қылмысқа барғаны айдан анық қой. Бүгін, 7 қазанда Денсаулық сақтау министрі осы мәселеге: «Біреу жазба жазып, содан кейін оны түзете алмады деп айту қисынға келмейді»,- деп пікірін білдірді. Кім күмән келтірген...


АСТАНАДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНА ДЕСАНТЫ

- 2019 жылдың басынан бері Атырауда қалалық перзентхананы екінші деңгейден үшінші деңгейге ауыстыру жұмысы жүргізілді. Босандыруды ұйымдастыруға бағытталған жоспарлы шара аясында облыстық перинаталдық орталықтан анестезиолог-реаниматолог ауыстырылды, екі неонатолог келді, бәрі де тәжірибелі, еңбек өтілдері бар мамандар. Аталған ауруханаға Ақтөбе облысынан тағы екі маман-неонатолог келеді,- деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мәншүк АЙМУРЗИЕВА

- Қалалық перинаталдық орталық 100% жабдықталған, - дейді Мәншүк Аймұрзиева. -Қалалық перзентхана ауыр дерттері бар жүкті әйелдерге босандыру бойынша сапалы медициналық қызмет көрсетуге дайын. Аймұрзиеваның айтуынша, облыстық перинаталдық орталықтың да жұмысы күшейтіледі, кеткен дәрігерлерді Атыраудан, еліміздің басқа да аймақтарынан келген мамандар алмастырады.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінен бастап облыста сәби өлімін азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау үшін мониторинг тобы жұмыс істейтінін хабарлады.

- Қазіргі уақытта 7 реаниматолог дәрігер, неонатолог, акушер-гинеколог келді, оның ішінде Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева да бар. Бұдан басқа, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығынан акушер-гинеколог пен анестезиолог-реаниматолог келді, - деді Аймурзиева.

Айта кету керек, қыркүйек айында Атыраудағы денсаулық сақтау саласының жағдайы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралып, «сын көтермес жағдайда» деп бағалаған-ды. Мұндай баға беруге мұнайлы астанадағы ана мен бала өлімінің көбеюі, дәрігерлердің қызметіне тұрғындардың көп шағымдануы себеп болды.

Облыстық перзентхананың бас дәрігері жаңа туған нәрестені өлтірумен қатар, босанған әйелдің өлімі фактісі бойынша «қажетті» қорытынды шығарғаны үшін Атырау облыстық сот-медициналық сараптама институтының директорына 300 мың теңге көлемінде пара берген деген күдікке ілініп отыр. Тергеу шаралары жалғасуда.

Фархат ӘБІЛОВ

7 қазан 2019, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.