Атырау, 23 желтоқсан 16:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды

Сурет
4 913 просмотра
65
Адвокат Жанар СҮНДЕТҚАЛЕВА мен Дианара МҰҚАТОВА (оң жақта)

3 қыркүйекте Атырау қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-тармағына (Қоғамдық бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу шешiмiнен кейiн олардың қызметiне қатысу) сәйкес айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ ісі бойынша сот процесі басталды. Бір жарым жыл бұрын оны 174-бап бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысты, бірақ қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді. Алайда Мұқатова қазір тағы да жауапкершілікке тартылуда.

Залда бақылаушы ретінде жергілікті қоғамдық белсенділер қатысып отырды.


Прокурор Нұрболат ӘБІЛОВ
Қалалық прокуратураның прокуроры Нұрболат ӘБІЛОВ айыптау қорытындысын оқып шықты:

- Есіл аудандық сотының шешімімен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының қызметі экстремистік деп танылғанын және бүкіл ҚР аумағында тыйым салынғанын біле тұра, сотталушы ҚДТ ақпараттық материалдарын әлеуметтік желілерге таратқан. Прокуратура бұл әрекеттерді заңсыз деп бірнеше рет ескертті, бірақ ол ҚДТ материалдарын бөлісуді жалғастыра берді. Сонымен қатар, ол рұқсат етілмеген митингіге шақырған.



- Өз кінәңізді мойындайсыз ба? - деп сұрады төрағалық етуші судья Жұмағали ТАШИМОВ.

- Үзілді-кесілді мойындамаймын, - деп жауап берді Мұқатова.


Судья Жұмағали ТАШИМОВ

Судья Адам құқықтары жөніндегі бюроның Атырау филиалының директоры Әсел НҰРҒАЗИЕВАДАН, Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасының тергеушілері Дәурен АЙДОСЫНОВ пен Жазылхан КЕНЖЕӘЛИЕВТЕН, сондай-ақ, осы басқарманың жедел уәкілі Талғат НӘСІПҚАЛИЕВТАН куәгер ретінде жауап алуды өтінген Дианараның адвокаты Жанар СҮНДЕТҚАЛИЕВАНЫҢ өтінішін қарап, оны қанағаттандыруға қаулы шығарды.


Әсел Нұрғазиева

Сол кезде залда отырған Әсел Нұрғазиева сөз сөйледі. Оның айтуынша, Дианара бір жылға жуық Адам құқықтары жөніндегі бюроның Атырау филиалында ерікті болып жұмыс істеп, өзін саналы азамат және парасатты адам ретінде көрсеткен.

Сот ісі 10 қыркүйекте жалғасады. Қылмыстық істі тергеуге қатысқан полиция департаментінің қызметкерлерінен жауап алынады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

5 қыркүйек 2019, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.