Атырау, 23 желтоқсан 20:50
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қалтасыз студент

Сурет
5 162 просмотра

Дианара МУКАТОВА
Атырау қаласының тұрғыны 35 жастағы Дианара МУКАТОВАНЫҢ үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, тектік-топтық, діни алауыздықты тудыру») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Бұған оның жақында экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жазбаларын әлеуметтік желіде бөлісіп, «лүпіл» басып, пікір жазғаны себеп болған екен.

Үстіміздегі жылдың 5 наурызында күні ол білім алатын Apec PetroTechnic жоғары колледжіне сабақ кезінде Атырау облыстық ІІД жедел уәкілдері келіп, шақырту қағазын ұсынған:

- Шақырту қағазында Балықшы кентінің тұрғыны А.У. (түсінікті себептермен атын жасырын беріп отырмыз – Ред.) деген әйел менің үстімнен арыз түсіргені және қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазылған. Кейін полиция оқу орны жатақханасындағы бөлмеме тінту жүргізді және барлығын бейнежазбаға түсірді. Кейін анамның үйін де тінітті.

- Арыз берушіні бұрын танитын ба едіңіз? Мүмкін әлеуметтік желіде достығыңызда болған болар? Жеке хатпен сөйлескен боларсыздар?

- Жоқ, бұл кісінің аты-жөнін арыздан бірінші рет оқып тұрмын.

Тінту кезінде полиция оның ұялы телефоны мен жеке ноутбугін  сараптама жасауға тәркіленген. Сонымен қатар, оны оқудан шығару туралы бірнеше мәрте ескерткен. Бірақ колледж басшылығы Дианараның оқуда үлгілі, сабақтан ешқашан қалмағанын негізге ала отырып, оқудан шығара алмайтынын айтқан.

Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

- Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Облыстық прокуратура да бұл іс бойынша түсінік беруден бас тартты.

Әсел НҰРҒАЗИЕВА

Әсел НҰРҒАЗИЕВА, құқыққорғаушы:

- Дианара өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, ой-пікірлерін айтып, ұнаған постылармен бөлісіп жүрді. ҚДТ қозғалысы "экстремистік ұйым" деп 13 наурызда танылған. Ал қылмыстық іс одан бұрын қозғалған, яғни, бұдан заңға қайшы әрекеттерді көруге болады.

Қазіргі таңда Мукатова денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ем қабылдап жатыр. Бұрын ол шетелдік мұнай компаниясында жұмыс жасаған, қазір жоғарыда аталған колледжде оқиды. Сол оқу орнының жатақханасында тұрады, өйткені қала сыртындағы ауылдан сабаққа қатынау қиын. Арандатулардан қауіптенген Дианара қазір киімдерінің барлық қалталарын тігіп тастапты.


Полицияға арыз жазған А.У. ойдан шығарылған тұлға емес. Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сәйкес, жасы 26-да, Атырауда тұрады. Тұрмысқа шыққан, екі бала тәрбиелеп отыр. Қазір майонез түрлерінің бірінің сауда өкілі болып жұмыс жасайды.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті түсірген автор

12 сәуір 2018, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.