
18 қарашада Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Жылыой ауданына барып, халықпен кездесу және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді.
Тұрғындармен кездесу «Кең Жылыой» мәдениет үйінде өтеді.
Іс-шаралар кестесі:
- 11:00 — облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі;
- 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.
Кездесу Жылыой ауданы әкімдігінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпаратты 8 (71237) 5-11-53 телефоны арқылы алуға болады.
В Атырау +4.1