Облыстық экология департаменті осы жылдың 24 шілдесінде жарық көрген «Жайық жағасындағы бөшкелер адамдарды алаңдатты» деп аталатын жарияланымымызға жауап жолдады. Біз ашық аспан астында, дәл өзен жағасында, аумағында мұнай қалдықтары мен бұрғылау шламдарын тазартуға арналған болуы керек, түрлі заттар салынған бөшкелер мен қапшықтар сақталған, атауы жазылған маңдайшасы мен күзеті жоқ өндірістік база туралы жазған едік. Береке (бұрынғы Память Ильича) ауылында орналасқан бұл базаның «Нефтегазовый сервисный альянс» ЖШС-не (Ақтөбеде тіркелген, 30-ға дейін қызметкері бар шағын кәсіпорын, басшысы Р.Ф. Шакиров) тиесілі екені анықталды.
"Жайық өзені жағалауының су қорғау аймағының қауіпті химиялық заттармен ластануы туралы ақпарат
Атырау облысы бойынша экология департаментімен Жайық өзені жағалауының су қорғау аймағының қауіпті химиялық заттармен ластану фактісі бойынша «Нефтегазовый сервисный альянс» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Аталған өндірістік базаның аумағында химиялық реагенттерден босатылған 220 ЭКС-ЭМ маркалы эмульгаторы бар толық бөшкелер және 75 бөшкелер анықталды.
Сондай-ақ аз мөлшерде химиялық реагенттермен жердің ластануы байқалды. Жайық өзені жағалауының ластану фактілері анықталған жоқ.
Тексеру қорытындысы бойынша жерді химиялық реагенттермен ластау бөлігінде бұзушылықтар, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу ережелерін бұзу, атап айтқанда қауіпті қалдықтарды есепке алу мен паспорттың болмауы анықталды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттама шығарылып, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және химиялық реагенттермен ластанған жер учаскесін тазалау қажеттігі туралы нұсқама берілді.
Сондай-ақ, тексеру барысында химиялық талдау жүргізу үшін жер асты суларының сынамалары мен топырақ сынамалары іріктеліп алынды, нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануының артуы анықталмады.
Сонымен қатар, Жайық өзенінен жер бетіндегі судың сынамасы алынды. Жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан асуы анықталған жоқ.
Департаментпен сот органдарына қызметін тоқтату туралы талап-арыз беріледі".