Атырау, 24 қараша 13:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балықтың қырылуы туралы іс: Тағы да химия сабағы өтті

Сурет Бейнежазба
3 647 просмотра

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Отырыста Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі Гүлжамал ЕЛЕМЕСОВАДАН тағы да жауап алынды. «Химия сабағы» жалғасын тапты.

Ол судағы химиялық заттардың әсер ету табиғатын түсіндіргеннен кейін, «АтырауСуАрнасы» КМК бастығының орынбасары болып жұмыс істеген сотталушы Виктор СУЩЕНКО сұрақ қойды:


Виктор СУЩЕНКО (сол жақта)

- Біз өзенге бір литрге 505 миллиграмм хлорид концентрациясындағы ағын суды құйдық, бірақ талдау кезінде ол 525 мг болып шықты. Осыған сілтеп, бізге өз шығарындыларымен Жайықты ластады деген айып тағылды. Мен мұны түсінбеймін. Бұл цифр қайдан шыққан? Кім ластады?

Сарапшының маман емес адамдар ұғына қоймайтын түсініктемесі Сущенконы да қанағаттандыра қоймаған секілді.

- 505 мг мен 525 мг хлорид концентрациясының көрсеткіштері арасында үлкен айырмашылық бар ма? – деп сұрады судья ДАУМОВ Г.Елемесовадан.

- Жоқ.

- Жалпы, литріне 505 мг - бұл жоғары концентрация ма?

- Иә, жоғары. Балық мекендейтін өзен үшін бұл өте көп. Шекті концентрация - бір литр суға 300 мг хлорид.

- Үш зертханадан түрлі талдау нәтижелері алынды: СЭС пен «Қазгидромет» хлоридтер бойынша ШРК асқанын анықтаған жоқ, тек Экология департаментінің зертханасы нормадан асып кеткенін анықтады. Олардың талдау әдістері түрлі ме? - деп сұрады адвокат Бауыржан ОРАЗОВ.

- Мұның бәрі аккредиттелген зертханалар. Сондықтан бекітілген бірыңғай әдістеме бар. Мүмкін олар су сынамаларын әртүрлі нүктелерден және әртүрлі уақытта алған шығар. Жайық өзеніндегі реагент бір жерде тұрмайды, өйткені су ағып жатыр, - деп жауап берді сарапшы.

Әрі қарай, шамасы, маманның жауаптарынан қайшылықтар анықтауға тырысқан болар, адвокаттар сұрақтарын жаудырды. Мысалы, олар сотта айтылған өзендегі балықты көп мөлшерде қыру үшін 2 кг хлор жеткілікті деген сөздің не екенін анықтағылары келді.

Алайда өзен арнасымен ағып жатқан, мысалы, желтоқсан айындағы судың мөлшерін дәлірек анықтау және бұл цифрды екі келі хлормен салыстыру әрекеті айқындық бермеді. Өйткені сарапшыда маусымдық кезеңдегі Жайықтың су ағынының көлемі туралы мәліметтер жоқ.

Сот процесі 12 тамызда жалғасады.



Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

7 тамыз 2019, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.