Атырау, 7 желтоқсан 02:54
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған

Толықтырылды Бейнежазба
4 761 рет қаралды


7 қыркүйекте Астрахан тас жолында Исатай ауданы Новобогат ауылына жақын жерде белгісіз бір топ адам Астраханнан Атырауға бара жатқан өзбекстандық жүк көліктеріне тас лақтырған. Бұл туралы жүргізушілердің бірі Нурилло Нуритдинов Facebook-те бөлісіпті.

Оның айтуынша, бұл оқиға көлік инспекциясының салмақ өлшеу-бақылау бекетінен 5 шақырым жерде болған.

Бейнежазбадан бұзақылардың шабуылы салдарынан борттардың майысқанын, алдыңғы әйнектердің жарылғанын көруге болады. Жүргізушілер полиция бөліміне шағым түсірген.

- Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Күдіктілердің жеке басы әзірге анықталуда.

- 8 қыркүйекте Исатай ауданындағы Хамит Ерғалиев (Новобогат) ауылының маңындағы Астрахан тас жолында бірнеше жасөспірімдер транзиттік жүк көліктеріне тас атқылаған. Фургон жүргізушісі полицияға жүгінді. Сол күні полиция қызметкерлері Х.Ерғалиев ауылының кәмелетке толмаған 6 тұрғынын анықтады. Жасөспірімдердің ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-тармағы (Бір топ адам жасаған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Фархат ӘБІЛОВ

Facebook-тен алынған бейнежазба

9 қыркүйек 2019, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.