Атырау, 23 желтоқсан 13:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Атырауда 10 миллиард теңгеге «ақылды» камераларды орнату басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда 10 миллиард теңгеге «ақылды» камераларды орнату басталды

Сәуірдің аяғында Атырау облыстық мәслихатының депутаттары мұнайлы астанада құны 10 млрд теңге болатын «Сергек» «ақылды» бейнебақылау жүйесін орнатуды мақұлдап дауыс берген еді. Бұл - жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жүргізілетін ең қымбат жобалардың бірі. Жаңа жүйе жол қозғалысы ережелерін бұзудың жылдамдық режимін асыру және тоқтау сызығын кесіп өту сияқты түрлерін тіркеп алады. Ол Астана мен Алматыда пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. «Сергек» камераларын Атырауда да орнату жұмыстары басталды. Сурет 11 маусым 2019, 11:42 3 901 рет қаралды
«Шұңқырға түсіп, көлігімді бүлдірдім» Басқа жаңалықтар

«Шұңқырға түсіп, көлігімді бүлдірдім»

Атырау әкімдігі қала көшелеріндегі жол шұңқырларын жөндейтін мердігерді анықтауға тендер жариялады. Ал әзірге «АЖ» тілшісі мұнайлы астананы аралап шығып, ойдым-ойдым болған жолдың «үздік ондығын» белгіледі. Сурет 11 маусым 2019, 15:45 3 807 рет қаралды
«ЕмбіМұнайГаз» ұжымы мұқтаж жандарға баспана әперді Басқа жаңалықтар

«ЕмбіМұнайГаз» ұжымы мұқтаж жандарға баспана әперді

Атырау облысының аудандарында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «ЕмбіМұнайГаз» АҚ ұжымының бір күндік жалақысына сатып алынған пәтерлер мен үйлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтіп жатыр. 11 маусымда Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында және Исатай ауданының Исатай мен Аққыстау ауылдарында баспана кілті салтанатты түрде табыс етілді. Бұл рәсім 12 маусымда Қызылқоға ауданының Жамансор және Мұқыр ауылдарында, 13 маусымда Жылыой ауданының Құлсары қаласында, 17 маусымда Мақат ауданының Доссор мен Мақат ауылдарында өтеді. 11 маусым 2019, 17:31 3 346 рет қаралды
Дамбы қалай дауыс берді немесе Қосановқа енді қызыл балық асылмайтын шығар Басқа жаңалықтар

Дамбы қалай дауыс берді немесе Қосановқа енді қызыл балық асылмайтын шығар

9 маусымда ҚР «АЖ»-дың редакциялық тапсырмасымен Атырау қаласының Дамбы ауылдық округындегі №68 сайлау учаскесіне бардым. Жергілікті сайлау комиссиясының мәліметінше, мұнда 1935 адамның сайлау құқы бар. Сайлаудың қорытынды хаттамасына сәйкес, ҚР Президентін сайлау учаскесіне 1471 адам келді және олардың 914-і Қосановқа дауыс берді. Сурет 11 маусым 2019, 17:56 6 031 рет қаралды
Жанбай "жайлады" ма? Басқа жаңалықтар

Жанбай "жайлады" ма?

Атырау облысында ҚР ҚК-нің «браконьерлік» баптары бойынша - 20, Батыс Қазақстан облысында – 14, Маңғыстау облысында - 28 қылмыстық іс қозғалды. Өңіріміздегі браконьерлік «астанасы» - Исатай ауданы Жанбай ауылындағы ахуал толықтай бақылауға алынған. Атырауда өткен «Бекіре-2019» құқыққорғау іс-шарасына арналған брифингте осындай ақпарат айтылды. 10 маусым 2019, 11:57 3 212 рет қаралды
Атыраудағы №31 сайлау учаскесіндегі байқаушыларды дауыс санауға жібермеген Басқа жаңалықтар

Атыраудағы №31 сайлау учаскесіндегі байқаушыларды дауыс санауға жібермеген

Әлеуметтік желілерде Атырау қалалық №31 учаскесінің сайлау комиссиясының төрағасы Гүлжан ҚОЖАХМЕТОВАНЫҢ дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскеден бюллетеньдерді көлігіне салып алып кетпекші болғаны түсірілген бейнежазба таралып кетті. Байқаушылар өздерін дауыс санауға кіргізбегендерін айтады. Толықтырылды Бейнежазба 10 маусым 2019, 14:33 5 045 рет қаралды
Қырылған балықтың құнын кім өтейді? Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтың құнын кім өтейді?

7 маусымда Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы Наталья ДҮЙСЕМӘЛИЕВАНЫҢ (суретте) қатысуымен брифинг өтті. Брифинг жоспарланған шара болатын, негізінен монополияға қарсы қызмет басшылыққа алатын критерийлер туралы айтылды. Ішкі істер министрлігі Жайықтағы балықтың жаппай қырылуын тергеу нәтижелері туралы хабарлағаннан кейін (АЖ одан бұрын хабар таратқан болатын) біздің тілшіміз осы жағдайға қатысты сұрақ қойды. 8 маусым 2019, 15:18 3 210 рет қаралды
Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады Басқа жаңалықтар

Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады

2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне 2005 жылы тіркелгендердің өтінімі қарала бастайды. 2005 жылы жер кезегіне 2572 адам тіркелген. Жер тек қала сыртынан ғана беріледі. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. 8 маусым 2019, 16:02 5 368 рет қаралды
«АЖ» сауалнамалары: «Кино» көруді жалғастырмыз ба әлде елден кеткен жөн бе? Басқа жаңалықтар

«АЖ» сауалнамалары: «Кино» көруді жалғастырмыз ба әлде елден кеткен жөн бе?

Біздің оқырмандарымыз «АЖ» сайтының апта сайынғы сауалнамасының нәтижесі шартты екенін және негізінен осындағы дүниетанымы жоғары оқырманның ұстанымын сипаттайтынын түсінеді. Дегенмен біздің сауалнамаға қатысушылардың саны айтарлықтай көп (орта есеппен 700-800-ге жуық адам) және соңғы жыл ішіндегі (2018 жылдың шілдесінен бастап) сауалнама нәтижелері қатысушыларға ғана қызықты емес деп ойлаймыз. 7 маусым 2019, 11:06 3 288 рет қаралды
Президент сайлауы: Атырау облысында қалай өтеді Басқа жаңалықтар

Президент сайлауы: Атырау облысында қалай өтеді

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Атырау облысында осы күні 262 сайлау учаскесі, соның ішінде облыс орталығында 112 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 12-сі (9 аурухана, 2 әскери бөлім және тергеу абақтысы) жабық деп есептеледі. Ашық учаскелер, әдеттегіше, мектептер мен Мәдениет үйлерінде орналасады. Толықтырылды 7 маусым 2019, 12:05 3 838 рет қаралды
Атырау әкімдігі екі қабатты ескі үйлерді қолға алды Басқа жаңалықтар

Атырау әкімдігі екі қабатты ескі үйлерді қолға алды

Мемлекеттік сатып алу сайтында 2019 жылы Атырауда тұрғын үйлерді техникалық тексеруден өткізу тендері туралы хабарландыру жарияланды. Жоба орындаушысының міндетіне: Азаттық даңғылы №112, 116, 120, 122, 124, 130, 132, 141 «а», 155 «а», 171 «а», 179 «а»; Дружба көшесі №2, 8, 9, 10, 11, 12, 13; Әуезов көшесі 47 «а»; Суворов көшесі №1, 2 үй мекенжайларында орналасқан үйлердің сенімділігі мен орнықтылығын анықтау кіреді. 7 маусым 2019, 12:34 5 029 рет қаралды
Жабайы жағажайларда да құтқарушылар болады Басқа жаңалықтар

Жабайы жағажайларда да құтқарушылар болады

ТЖД мәліметтері бойынша, өткен жылы Атырау облысында шомылу маусымында 9 адам суға кеткен, оның екеуі - бала. Ал кезекті шомылу маусымының басталуына аз уақыт қалды. 24 мамырдан бастап жергілікті құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Сурет 7 маусым 2019, 14:17 3 021 рет қаралды
Кішкентай ойшылдарға арналған үлкен турнир Басқа жаңалықтар

Кішкентай ойшылдарға арналған үлкен турнир

- Бүгінгі жеңісіме өте қуаныштымын, - деп сұрақтарыма жауап бере бастады 9 жасар Зарина НҰРҒАЛИЕВА сабырлы да нық үнмен. Шахматтан екі дүркін Азия чемпионы Заринамен ТШО компаниясының қолдауымен жетінші рет өтіп жатқан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі шахмат турнирінде кездескен едік. Сурет 6 маусым 2019, 10:25 4 094 рет қаралды
Қағаз жүзінде ғана аяқталған нысан Басқа жаңалықтар

Қағаз жүзінде ғана аяқталған нысан

Махамбет ауданының Алға ауылының тұрғындары ауылдағы су тазарту құрылғылары мен су құбыры желілерінің қайта жаңғырту жұмыстарының сапасыз орындалуына қатысты «АЖ»-ға жүгінді. Олардың айтуынша, жұмыстар негізінен қағаз жүзінде ғана жасалған, сондықтан олар әлі күнге дейін суды құдықтан ішеді. Хатта мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылған. Редакция Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментімен хабарласты. Сөйтсек, осындай тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған екен. 6 маусым 2019, 12:34 2 737 рет қаралды
Жайық балығын «Атырау Су Арнасының» сұйық хлоры мен шенділердің салғырттығы құртты Басқа жаңалықтар

Жайық балығын «Атырау Су Арнасының» сұйық хлоры мен шенділердің салғырттығы құртты

«АЖ»-ға Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған ІІМ тергеу-жедел тобы жасаған кейбір қорытындылар белгілі болды.  Астаналық тергеушілер «Атырау Су Арнасы» КМК-нің экологиялық апатқа тікелей қатысы барын анықтады. Әңгіме ІІМ-нің әлі қол қойылмаған құжаты туралы болып отыр. Алайда оның айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы екіталай.  6 маусым 2019, 15:39 6 382 рет қаралды
Арбадағы әдемі би Басқа жаңалықтар

Арбадағы әдемі би

Өткен демалыс күндері Атырауда өткен парабилер бойынша Қазақстанның 15-чемпионатында вена вальсі, румба, танго, джайв, ча-ча-ча; ашық бояулы макияж, әдемі көйлектер мен фрактар, сезімтал музыка атмосферасы болды. Оған Алматы, Астана, Ақтау, Қостанай және біздің еліміздің басқа қалаларының өкілдері қатысты. Әрине, турнир иелері де болды. Сурет Бейнежазба 6 маусым 2019, 16:34 3 330 рет қаралды
Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген түсінік Басқа жаңалықтар

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген түсінік

Балықтың жаппай қырылу фактісі алғаш тіркелген сәттен бастап жергілікті билік органдары уланған балық сатылымға шығып кетпес үшін барлық сауда орындарын қатаң бақылауға алды.   6 маусым 2019, 17:37 2 657 рет қаралды
Жыңғыл түбіндегі тіркеу құжаттары Басқа жаңалықтар

Жыңғыл түбіндегі тіркеу құжаттары

Жайық жағасындағы айналма көпір маңында 2018 жылдың қарашасында Тәжікстан мен Өзбекстаннан Атырауға келген гастарбайтерлердің саусақ іздері басылған тіркеу құжаттары шашылып жатыр. Бұл туралы сол маңдағы ықшамаудан тұрғындары редакцияға жасырын хабарлады. Толықтырылды 5 маусым 2019, 10:16 6 180 рет қаралды
Жазғы лагерьдегі жөндеу Басқа жаңалықтар

Жазғы лагерьдегі жөндеу

Индер ауданы Елтай ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан «Жас Өркен» жазғы лагері бір ауысымда 170 балаға дейін қабылдайды. Алайда биыл маусым айында бала қабылдай алмайды. Қазір бұл жерде қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты кәсіпорын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сурет 5 маусым 2019, 12:54 4 105 рет қаралды
Ұлы есімдер мұражайда сақталады Басқа жаңалықтар

Ұлы есімдер мұражайда сақталады

Атырауда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Нариман Үлкенбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай халық музей қызметкерлері арасында республикалық байқау өтті. Оған еліміздің әр өңірінен мәдениет қызметкерлері қатысты. 5 маусым 2019, 13:31 3 012 рет қаралды
Масаның мүсіні де болмау керек Басқа жаңалықтар

Масаның мүсіні де болмау керек

Атыраудағы Ретро парк бұдан жыл жарым бұрын салынып, күтіп-баптау үшін «Атырау қалалық мәдениет және демалыс саябағы» КМК құрылған еді. Алайда шаруа үйлеспеді ме, қаладағы әдемі жерлердің бірі бүгінде қараусыз қалғандай күйде. Ал жақында саябақты «Трава у дома» ЖШС сенімгерлік басқаруға алды. Жеке кәсіпкер Татьяна ТЕГАЙДЫҢ бұл жерге қатысты жоспары көп және екі жылдың айналасында бұл жердің құлпыратынына сенімді. Сурет Бейнежазба 5 маусым 2019, 16:17 5 739 рет қаралды
Ауыл шаруашылығы басқармасында жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы басқармасында жаңа басшы

Бүгін, 5 маусымда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ активке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысын - бұрын Индер ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫ таныстырды. 5 маусым 2019, 18:01 3 884 рет қаралды
Балықтың жаппай қырылғаны үшін кімнің жауапқа тартылатыны белгілі болды Басқа жаңалықтар

Балықтың жаппай қырылғаны үшін кімнің жауапқа тартылатыны белгілі болды

5 маусымда брифингте Атырау облыстық Полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік ЖАНҰЗАҚОВ Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Іс фигуранты - «Атырау Су Арнасы» КМК. 5 маусым 2019, 18:16 4 000 рет қаралды
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда: экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы, балықтың жаппай қырылуы және басқа да мәселелер туралы Басқа жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда: экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы, балықтың жаппай қырылуы және басқа да мәселелер туралы

Бүгін, 4 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырауға келген жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесті. Кездесуді «Келу мақсатым – Атырау облысы тұрғындарын қандай мәселелер алаңдататынын білу» деген сөзбен бастаған ол жергілікті тұрғындарды шынымен де мазалайтын бірқатар мәселелерді атады. Оның сөзін дайындап беретіндер текке нан жеп отырған жоқ екен. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 15:42 5 203 рет қаралды
Атыраудың күш құрылымдары цифрмен де дос емес Басқа жаңалықтар

Атыраудың күш құрылымдары цифрмен де дос емес

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ құқыққорғау органдарын цифрландыру жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысын өткізді. Кездесу жылышырай атмосферада өтпеді. Мысалы, басқа аймақтармен салыстырғанда техникалық тұрғыда жақсы жарақталғанына қарамастан Атыраудағы күш құрылымдары электроника бойынша артта қалып отыр. Сурет 3 маусым 2019, 16:16 3 520 рет қаралды
Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды Басқа жаңалықтар

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Атырау тұрғындары мен мекеме ұжымдары Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін жылдары солақай саясаттың құрбанына айналып, қудаланған жазықсыз жандарды еске алды. Сурет 1 маусым 2019, 10:06 3 401 рет қаралды
Атырауда 20 шақты балаға шеру кезінде күн тиген Басқа жаңалықтар

Атырауда 20 шақты балаға шеру кезінде күн тиген

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, олар өздерін нашар сезініп, мұрындарынан қан кеткен. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді. Толықтырылды Сурет 1 маусым 2019, 14:26 3 618 рет қаралды
Бостандықта пайдаға асар кәсіп Басқа жаңалықтар

Бостандықта пайдаға асар кәсіп

Қала көшелеріндегі кеспе тастардың қайдан келетінін ойлап көрдіңіз бе? Балаңыз отыратын мектеп партасын кім жасайды? «АЖ» тілшісі халық арасында «66-зона» деп аталатын ерлер түзету колониясында (УГ-157/9 мекемесі) осы сұрақтардың жауабын алған еді. Сурет 31 мамыр 2019, 10:40 5 204 рет қаралды
Фин медбикелерінің жалақысы жоғары Басқа жаңалықтар

Фин медбикелерінің жалақысы жоғары

Финляндиялық медбикелер Ханнеел ТИТТАНЕН мен Марио ПАЛОВАРА Атырау жерінде бір апта болып, жергілікті медколледж оқытушылары үшін курстар ұйымдастырды. Олармен тілдескен «АЖ» тілшісі ол жақтағы медбикелердің мәртебесі дәрігерлерден кем түспейтінін, ал жалақылары біздегіден 15 есе жоғары екенін білді. 31 мамыр 2019, 15:20 3 353 рет қаралды
Атырауда қай жолдың шұңқыры бітеледі? Басқа жаңалықтар

Атырауда қай жолдың шұңқыры бітеледі?

Қалалық әкімдік Атырау көшелеріндегі жол шұңқырларын жөндейтін мердігерді анықтау тендерін жариялады. Биыл ол 13 мың шаршы метрге жүргізілуі тиіс. Төменде жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімі берілген. 29 мамыр 2019, 09:51 3 369 рет қаралды