Атырау, 24 қараша 20:51
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанбай "жайлады" ма?

3 096 просмотра


Атырау облысында ҚР ҚК-нің «браконьерлік» баптары бойынша - 20, Батыс Қазақстан облысында – 14, Маңғыстау облысында - 28 қылмыстық іс қозғалды. Өңіріміздегі браконьерлік «астанасы» - Исатай ауданы Жанбай ауылындағы ахуал толықтай бақылауға алынған. Атырауда өткен «Бекіре-2019» құқыққорғау іс-шарасына арналған брифингте осындай ақпарат айтылды.

Бұдан басқа, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВТІҢ айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке 913 адам тартылған. Құқық бұзушылардан 25 тоннадан астам балық, соның ішінде 3 тонна бекіре, 5 келі қара уылдырық тәркіленген.

«АЖ» сауалдары:

- Өткен жылмен салыстырғанда браконьерлік фактісі азайды ма?

- Иә, азайды. Су айдындарында кәсіпшілік жүзбелі құралдарды қоспағанда, заңсыз шағын кемелер жоқтың қасы.

- Заңды балықшылар кәсіпшілігінің нәтижесі қандай?

- Бекірелерді жасанды өсіріп-өндіру бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында 244 бекіре тұқымдастар ауланды, оның 201-і шоқыр, 19-ы бекіре, 23-і сүйрік және біреуі пілмай. Жайық өзенінен көктемгі балық аулау маусымында 1490 тонна 749 келі қара балық ауланған, бұл бөлінген лимиттің 33 пайызы.

Биыл Исатай ауылының Жанбай ауылында ірі көлемде браконьерлікпен ұсталғандар жоқ. Атырау облыстық Полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің басшысы Серік ЖАНҰЗАҚОВТЫҢ сендіруінше, ол жақтағы ахуал толығымен құқыққорғаушылардың бақылауына алынған.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

10 маусым 2019, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.