Атырау, 24 қараша 20:45
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балықтың жаппай қырылғаны үшін кімнің жауапқа тартылатыны белгілі болды

3 887 просмотра


5 маусымда брифингте Атырау облыстық Полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік ЖАНҰЗАҚОВ Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Іс фигуранты - «Атырау Су Арнасы» КМК.

 - Барлық тергеу әрекеттері аяқталды, өзеннің ластану көзі және балықтың қырылу себебі хлор екендігі анықталды. Әрі қарай сотқа беру үшін іс қадағалау органына (прокуратураға) берілген. Тергеумен ІІМ арнайы тобы айналысса да, сот Атырауда өтеді, - дейді Жанұзақов.

Естеріңізге салсақ, Атырауға келген сапарында ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жұртшылықпен кездесу кезінде Жайықтың улануына кінәлілер анықталғанын айтқан болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

5 маусым 2019, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.