Атырау, 24 қараша 20:23
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырылған балықтың құнын кім өтейді?

3 107 просмотра


7 маусымда Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы Наталья ДҮЙСЕМӘЛИЕВАНЫҢ (суретте) қатысуымен брифинг өтті. Брифинг жоспарланған шара болатын, негізінен монополияға қарсы қызмет басшылыққа алатын критерийлер туралы айтылды. Ішкі істер министрлігі Жайықтағы балықтың жаппай қырылуын тергеу нәтижелері туралы хабарлағаннан кейін («АЖ» бұдан бұрын хабар таратқан болатын) біздің тілшіміз осы жағдайға қатысты сұрақ қойды.

- «Атырау Су Арнасы» КМК өткен жылы желтоқсандағы балықтың қырылуына кінәлі деп танылды. Енді үлкен зиянға ұшыраған балықшылар – «Луговой жылқы зауыты» АҚ, Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты – өздерінің бәленбай миллиондаған шығындарын қайтару үшін осы кәсіпорынды сотқа беріп, шағымданады. Сайып келгенде, бұл зиянды өтеу тарифті көтеру арқылы тұтынушыларға жүктелмей ме?

- Бұл жағдайда шығындарды өтеу қаржысы тарифтік сметада да, жалпы, «Атырау Су Арнасы» бюджетінде де қарастырылмаған. Реттелетін сумен жабдықтау қызметі монополистік қызмет түрі, мұнда зиянды өтеу үшін қосымша қаражат қарастырылмаған... Қалай болғанда да бұл сот тәртібімен шешіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

8 маусым 2019, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.