Атырау, 24 қараша 20:27
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жазғы лагерьдегі жөндеу

Сурет
3 614 просмотра

Индер ауданы Елтай ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан «Жас Өркен» жазғы лагері бір ауысымда 170 балаға дейін қабылдайды. Алайда биыл маусым айында бала қабылдай алмайды. Қазір бұл жерде қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты кәсіпорын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір бес корпустан тұратын лагердің ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүруде. Бұған бюджеттен 148 млн теңге бөлінген. Тек жазғы уақытта пайдаланады деп салынбаған жылу жүйелері жүргізілді. Келісім шартқа сәйкес, жұмыс 24 маусымда аяқталуы тиіс. Мердігер - «Еңбек Атырау» РМК. Бір ерекшелігі, мұнда түрмеден келгендер, жазасын шартты мерзімде өтеушілер жұмыс істейді екен.

- 60-70 мың теңге жалақыға басқа адамдар жұмысқа келмейді- дейді учаске бастығы Әбдірахман НИЯЗОВ. - Жазасын өтеушілер мен өтеп келгендер бақылауда болады, аудандық ІІБ қызметкерлері жиі келіп тұрады. Қазір ғимараттың ішкі, сыртқы сылау, линолеум төсеу, есік-терезелерін жаңарту, электр жүйлерін ауыстыру жұмыстарының 70 пайызын атқара келдік.

- Бұл лагерь біздің мектебіміздің балансына берілген, - дейді  «Өнер» мектебінің директоры Ералы САХИПОВ. - Жаз айында ашылып, басқа мезгілде жабық тұратын лагерьді жыл бойы пайдалану жолдарын қарап жатырмыз. Қазіргі міндет-тезірек лагерді ашып, балаларды қабылдау. Мұнда балалар үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор 

5 маусым 2019, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.