Қайрат НҰРЛЫБАЕВБүгін, 5 маусымда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ активке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысын - бұрын Индер ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫ таныстырды.
Нұрлыбаев - Батыс Қазақстан аграрлық университетінің түлегі, 1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте Қызылқоға, Құрманғазы, Индер аудандарында түрлі лауазымдар атқарды.
Жақында ауыл шаруашылығы басқармасындағы бөлімдердің бірінің басшысы пара алды деп күдіктелгені туралы хабарланған еді. Ал басқарма басшысының орны Нұрлыбаев тағайындалғанға дейін ұзақ уақыт бос болды.