Атырау, 24 қараша 20:38
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген түсінік

2 528 просмотра


Балықтың жаппай қырылу фактісі алғаш тіркелген сәттен бастап жергілікті билік органдары уланған балық сатылымға шығып кетпес үшін барлық сауда орындарын қатаң бақылауға алды.   Рейдтер ұйымдастырылып, балық сату нүктелеріндегі ветеринарлық зертханалар жұмысы күшейтілді. Оқиға орын алған уақыттан бері халық арасында судан немесе балықтан ұшынған бірде бір жағдай болмады.  

Облыстық әкімдік мамандарға Жайыққа қатысты барлық проблемалық сауалдарға жауап алуға және өзен ахуалын жақсарту бойынша нақты жоспар жасауға мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулер жүргізуге 80 миллион теңге қаржы бөлді.  

Сонымен қатар, Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағаларында су түбін тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл, мамандардың пікірінше, өңірдегі балық қорын арттыруға оң әсерін береді.

Осы оқиғаға тікелей және жанама қатысы бар тұлғаларға сот шешімі шыққаннан кейін қолданыстағы заңнамалар бойынша шаралар қолданылады.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

6 маусым 2019, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.