Атырау, 23 желтоқсан 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Индер ауданында зардап шеккен электрик Астанаға жеткізілді

138 рет қаралды

Индер ауданы Өрлік ауылында жұмыс кезінде жарақат алған электрик Еламан Сағиев Астанадағы арнайы клиникаға ауыстырылды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«21 желтоқсанда Астанадан реаниматолог-хирург келіп, науқасты қарап, кеңес берді. Консилиум қорытындысы бойынша пациентті елордадағы мамандандырылған медициналық мекемеге көшіру ұсынылды. 22 желтоқсанда ол санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілді. Қазір дәрігерлердің бақылауында, барлық қажетті ем-домды алып жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде.

Дәрігерлердің айтуынша, Еламанның жағдайы ауыр. Оның денесінің 5 пайызы күйіп қалған, екі қолы, оң жақ балтыры және башпайлары жарақаттанған. Ол травматология және реанимация бөлімшесіне жатқызылды.

Еске сала кетейік, жас электрик 20 желтоқсанда Көктоғай ауылында электр желілерін қосу кезінде қатты ток соғып, ауыр жарақат алған. Туыстарының айтуынша, ол кезде оның арнайы қорғаныш киімі болмаған.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.