
19 желтоқсанда жұмыс орнында ер адамды электр қалқанының 10 киловольттық электр доғасының әсерінен ток соққан.
Оқиға орнынан зардап шеккен адам Индер аудандық ауруханасына жеткізілді. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, реаниматолог пен кезекші хирург алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызуды ұсынған. Бірақ бастапқыда науқастың туыстары госпитализациядан бас тартқан.
Кейінірек ер адамның жағдайы нашарлап, оны 103 жедел жәрдем бригадасы алып кетті. Фельдшер мен кардиологтың сүйемелдеуімен науқас Атырау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Онда травматолог, терапевт, реаниматолог және хирург мамандары қарап, толық тексеру жүргізді.
Ер адам травматология және реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы ауыр, ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Сонымен қатар, республикалық орталық мамандарымен консультациялар жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0