Атырау, 24 қараша 21:06
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Президент сайлауы: Атырау облысында қалай өтеді

Толықтырылды
3 688 просмотра


9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Атырау облысында бұл күні 262 сайлау учаскесі, соның ішінде облыс орталығында 112 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 12-сі (9 аурухана, 2 әскери бөлім және тергеу абақтысы) жабық деп есептеледі. Ашық учаскелер, әдеттегіше, мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасады.

Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қазақстандықтар сол жердегі 2 сайлау учаскесінде дауыс береді. «Болашақ» зауытының қызметкерлері Мақат ауданына барады, ал Қашағанға бюллетеньдер тікұшақпен жеткізіледі.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат АЙМАНАКУМОВ, қалалық төраға – Есенжол ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Айманакумовтың айтуынша, Атырауда ЕҚЫҰ-нің екі және ШЫҰ-нан бір халықаралық бақылаушы жұмыс істейді.

Экзит-поллға келер болсақ:  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес, Қазақстанда сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалды тек қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізу бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар ғана жүргізе алады. Олар тиісті құжаттардың көшірмелерін жалғап, алдын ала ОСК-на жазбаша хабарлауға міндетті.

Биыл сайлау учаскесінен шығу кезінде азаматтардан анонимді сауалнама жүргізумен екі ұйым - «Қоғамдық пікір» және «Молодежъ» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС айналысады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан президенттігіне 7 үміткер бақ сынайды. Олардың есімдері алфавиттік тәртіппен бюллетеньдерде көрсетіледі:

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ - Коммунистік халық партиясынан

Дания ЕСПАЕВА - «Ақ жол» партиясынан

Әміржан ҚОСАНОВ - «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысынан

Төлеутай РАХИМБЕКОВ - «Ауыл» партиясынан

Амангелді ТАСПИХОВ - Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстанның қазіргі президенті -

«Нұр Отан» партиясынан

Садыбек ТҮГЕЛ - «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен.

Бұл ақпарат сайтымызда пайда болғаннан кейін кейбір жерлерді нақтылау қажеттілігі туындады.

Теңізде сайлау күнінде қазақстандық жұмысшылар, оның ішінде, Атырау мен Жылыой ауданынан басқа аудандардың тұрғындары екі учаскеде: №104 Жаңа Қаратон поселкесі және №105 Жылыой ауданының Қосшағыл ауылындағы сайлау учаскелерінде дауыс береді. Ал жылыойлықтарды мекенжай бойынша автобуспен сайлау учаскелеріне апарады. Туындаған сұрақтар бойынша аудандық сайлау комиссиясына (87123) 75-11-99 телефоны бойынша қоңырау шалуға болады, комиссия төрағасы Зәуре Қалмұханова.

«Болашақ» зауыты қызметкерлерінің ешқайда кетпейтіні белгілі болды, оларға жәшіктер әкелінеді.

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ кен орындарының қызметкерлеріне келер болсақ, олардың барлығы сайлау учаскелері бар жақын елді мекендерге жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз етіледі.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 маусым 2019, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.