Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, олар өздерін нашар сезініп, мұрындарынан қан кеткен. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді.
Бүгін, 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің қатысуымен шерулер өтіп жатыр. Атырауда бұған бір жарым ай бұрын дайындала бастады... Мерекеден бір апта бұрын негізгі дайындық облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті.
Қаладағы бүкіл мектептен, спорттық және шығармашылық оқу орындарынан барлығы 15 мыңға жуық бала шеруге қатысты.
Алдыңғы күні өте ыстық болатыны туралы ескертілген болатын, қазір қалада термометрлер 36 градус ыстық көрсетіп тұр.
Балаларға таңертеңгі сағат 7-де облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанына жиналыңдар деп айтылған. Шеру сол жерден басталып, орталық көпір арқылы алаңға қозғалды. Шерудің өзі сағат 9.30-да басталды.
Ал Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі балаларда сәл ғана әлсіздік болғанын, сол жерде оларға медиктер көмек көрсеткенін, бірде бір бала ауруханаға жатқызылмағанын хабарлады. Осы оқиғаға байланысты шеру ұйымдастырушыларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суреттерді түсірген автор