Бүгін, 31 мамырда ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Атырау тумасы, 56 жастағы Қамза Үмбетқалиев соңғы үш жылда Атырау облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Ол ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің түлегі (1993), еңбек жолын Атырау облыстық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі ретінде бастап, кейінірек аудандық полиция бөлімдеріне басшылық еткен. 2012-2016 жылдары Атырау қалалық ІІБ басшысы, содан кейін Полиция департаменті бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
Естеріңізге салсақ, Аян Дүйсембаев полиция генерал-майоры шенін алған бойда 20 мамырда «қызметтік этиканы бұзғаны» үшін лауазымынан босатылған еді. Енді ол ІІМ резервіне алынды.
Фархат ӘБІЛОВ