Атырау, 24 қараша 22:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы құқыққорғаушылар лауазымдарынан босатылды: атқа мініп, «аттан» түсті

4 000 просмотра


ҚР ІІМ баспасөз қызметі: «Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Қызметтік этиканы бұзғаны үшін Аян ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды» деген хабарлама таратты. Бұдан басқа, «сәйгүлікке қатысты хикаядан» кейін Атырау облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат ҚАЛИЕВ лауазымынан босатылды. Сондай-ақ министрлік «Ақжайық» резерватының маңындағы жолда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның қызметкерлері мен полицейлер арасындағы кикілжіңге байланысты қызметтік тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл жерде де қызметкерлер қызметтерінен кетті.

«Жол жүрісі» туралы заңды және ведомстволық бұйрықтарды бұзғаны үшін жол-патруль полициясы батальонының үш қызметкері жұмыстарынан шеттетілді; «жеке құрамға бақылаудың жоқтығы» үшін ЖПҚ бөлімшесінің командирі Әбу НҰРЛАН және Атырау қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Әнуар КУКАЛОВ лауазымдарынан босатылды; Атырау полициясы басқармасының бастығы Әлішер НҰРШАЕВ, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Әлібек ҚАЙЫРОВ және Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік АМАНГЕЛДІ тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сәл бұрынырақ осы оқиға бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметтік тексерісті аяқтады. Естеріңізге салсақ, онда Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Мәлік УАЙСОВ лауазымынан босатылды, басқарма басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН қызметіне толық лайық еместігі жөнінде ескерту, ал департамент басшысы Нығмеджан САПАРОВ қатаң сөгіс алған еді.

Атырау облыстық Полиция департаментінің басшысы лауазымына, «АЖ»-ға белгілі болғандай, жаңа басшы осы аптада тағайындалады.

Фархат ӘБІЛОВ

21 мамыр 2019, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.