Атырау, 23 қараша 22:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысының полиция бастығына ат мінгізді: министрлік видеоны тексеріп жатыр

Бейнежазба
3 733 просмотра


Әлеуметтік желіде тараған видеода Атырау облысының полиция департаменті басшысына ұқсас адамға ат мінгізеді.

Кадрларда сыйлық ретінде сәйгүлікке ие болған ер адам халықтың қошеметімен атқа мінген. Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.


"Ішкі істер министрлігінің өкілі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

2018 жылы әлеуметтік желіде Аян Дүйсенбаевқа ұқсас азаматтың казинода ойнап отырған сәті түсірілген видео тарап кетті. Кейінірек ІІМ роликке қатысты берген түсініктемеге сүйенсек, видео 2014 жылы түсіріліпті, ол кезде Дүйсенбаев досымен бірге Минскіде демалыста болған екен.

Ішкі істер министрлігі сендіргендей, ер адам ойынханаға досын алып кетуге барады. Дүйсенбаев құмар ойынын ойнамаған, бұған "2014 жылдың қазанында жүргізілген тексеру дәлел".

Дереккөз: sputniknews.kz

15 мамыр 2019, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.