Атырау, 24 қараша 22:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы

Толықтырылды Бейнежазба
5 722 просмотра

Бейнежазбадан алынған кадр
Әлеуметтік желілерде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының шығар ауызынан полицейлердің «Chevrolet NIVA» мен «Лада-Niva» көлігін тоқтатқан бейнежазбасы таралған. Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, «Шевролеттен» Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің 7-басқармасының басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН шығып, полицейлердің құжаттарын және жүксалғышты тексеруіне мүмкіндік бермей тұр.


Содан соң «Нивадан» Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Мәлік УАЙСОВ шығады. Ол полициямен арадағы шиеленіскен тартысқа араласып, «Заң бұзушылықтарды қай жерден көрдіңіздер? Жедел-алдын алу шарасы туралы бұйрық қайсы?» деп, олардың өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланып жатқандығын айтады.

Айдос есімді полицей «маған ештеңе айтпаңыз, мен өз жұмысымды жасап жүрмін... Жүксалғышыңызды көрсетіңізші» дейді. Уайсов «жігіттерді шақырамын, өздеріңді ұстатамын» деп полицейлерді қорқытады. Олар біреуге қоңырау шалып, тұтқаны Айдосқа береді. Атырау қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасарларының бірімен қысқаша тілдескеннен кейін ол екі машинаны да жіберіп қояды.

- Бүгінде полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп комментарий берді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл бейнежазбаны астанадағылар да көріпті. «АЖ» мәліметі бойынша, мәселенің анық-қанығын шешу үшін астанадан Атырауға Ұлттық бюроның жоғары шенді қызметкері келген. Енді Уайсовты лауазымынан алып тастауға дейін қызметтік келеңсіздіктер күтіп тұр.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, осы бейнежазбаға байланысты ол лауазымынан босатылды.


Назар аударыңыз!!! Әдепсіз сөздер бар!


Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

14 мамыр 2019, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.