Атыраудағы облыстық және қалалық сайлау комиссиялары ҚР президентін сайлау бойынша дауыс беру қорытындысын ұсынды.
Облыс бойынша сайлау комиссиясы хаттамаларының негізінде дауыс берушілердің жалпы саны, яғни, дауыс беру құқығына ие болғандар саны белгілі болды - 409 679 адам.
Сайлау бюллетеньдерінің саны - 413 776, ал учаскелерде бюллетеньдер алған сайлаушылар саны – 291 855: бұлар дауыс бергендер саны.
Сонымен, облыс бойынша:
Жамбыл Ахметбеков үшін – 1761 дауыс
Дәния Еспаеваға – 11 126
Әміржан Қосановқа – 65 436
Төлеутай Рақымбековке – 3523
Амангелді Таспиховқа – 4993
Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 199 718
Сәді-Бек Түгелге – 1882 дауыс берілген.
Атырау қаласы бойынша дауыс берушілердің жалпы саны - 223 484, оның ішінде 139 084 адам сайлауға келген.
Дауыстар былай бөлінді:
Жамбыл Ахметбеков – 525
Дәния Еспаева – 2191
Әміржан Қосанов – 36 403
Төлеутай Рақымбеков – 812
Амангелді Таспихов – 835
Қасым-Жомарт Тоқаев – 96 612
Сәді-Бек Түгел – 305.
Атырау облысы бойынша жалпы сайлаушылардың қатысуы - 71,2%.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА