Атырау, 24 қараша 20:57
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қағаз жүзінде ғана аяқталған нысан

2 576 просмотра


Махамбет ауданының Алға ауылының тұрғындары су тазарту құрылғылары мен су құбыры желілерінің қайта жаңғырту жұмыстарының сапасыз орындалуына қатысты «АЖ»-ға жүгінді. Олардың айтуынша, жұмыстар негізінен қағаз жүзінде ғана жасалған, сондықтан олар әлі күнге дейін суды құдықтан ішеді. Хатта мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылған. Редакция Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментімен хабарласты. Сөйтсек, осындай тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған екен.

ЭТД басшысының міндетін атқарушы Дәулет АҚЫЛБЕКОВТІҢ айтуынша, «Би-Ырыс» ЖШС директоры Р.К.-ға қатысты 189-баптың 4-тармағы 2-тармақшасы (Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс тергелген. Тергеу жорамалы мынадай: іс жүзінде қайта жаңғырту аяқталмағандықтан, ЖШС директоры орындалған жұмыс актілері мен орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны туралы анықтамалар дайындады. Кейінірек осы актілердің негізінде «Би-Ырыс» ЖШС шотына 325 млн 472 мың теңге аударылды. 

Іс өндірісі аяқталып, құжаттар Исатай аудандық сотына жолданды. Істі қараған сот осы жылдың сәуірінде Р.К.-ға қатысты ақтау үкімін шығарды. Прокуратура бұл шешімді жоғары тұрған сот инстанциясына шағымданды, енді іс жаңадан қаралады.

Ал әзірге Алға тұрғындары бұрынғыша ауыз сусыз отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

6 маусым 2019, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.