Бүгін, 9 маусымда таңғы сағат 7-де Атырау облысының барлық сайлау учаскелері ашылды. Қазақстан президентін сайлау жүріп жатыр.
Сағат 9-да №8 сайлау учаскесіне (Кіші Өнер академиясы) туыстарының сүйемелдеуімен Қызылқоға ауданының Миялы ауылынан 100 жастағы Балзиба МӘЖИТОВА келді. Әрине, ол тұрғылықты жерінде дауыс бере алатын еді, бірақ есептен шығару талоны деген нәрсе бар: алғаш рет әжей сонау 1937 жылы дауыс беріпті. Сол кезде КСРО Жоғары Кеңесінің сайлауы өткен екен.
Кездейсоқ па, жоқ па, әжейден кейін осы учаскеге Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ және Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ азаматтық борыштарын орындауға келді.
Сайлаушыларға қолайлы болу үшін әрбір сайлау учаскесінде «шағын ХҚКО» ашылған, ол жерден кез-келген адам өзінің сайлау учаскесін біле алады.
Айтпақшы, қаладағы бүкіл қоғамдық көлік бүгін тегін жұмыс істейді.
* * *
Привокзальныйдағы №50 сайлау учаскесінде сағат 11.30-да бір әйелге асығыстықпен (халық көп) куәліктері бойынша оған және сіңлісіне екі бюллетень берілді, бірақ сіңлісі жоқ еді. Менің ескертуімнен кейін дауыс беруші тек өзінің бюллетенін салып, екіншісін жыртып тастады. Сайлау комиссиясындағылар күшін жою туралы акт жасалатынын айтты.
Сағат 12-ге дейін сайлау учаскелерінде денсаулығына байланысты сайлауға келе алмайтындардан өтініштер қабылданады. Ал түстен кейін сайлау комиссиясының мүшелері тасымалды жәшіктермен үйлер мен пәтерлерді аралап шығады.
* * *
Екі әйелдің бір-бірінен кімге дауыс берсек деп сұрап, талқыға салғанын еріксіз естіп қалдым. Дауыс берген соң, бәрібір керегін белгілеп алады ғой деп әңгімелерін жалғастырды. Олардың айтқаны дұрыс емес шығар?
* * *
Сағат 20.00-де Атырау облысында барлық сайлау учаскелері жабылды. Дауыстар саналып жатыр. ОСК-ның алдын-ала мәліметтері бойынша, біздің өңірде сайлауға қатысу 71,2% болған (орташа алғанда елде 77%).
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА