Атырау, 9 ақпан 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Оқиға

Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған Оқиға

Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған

26 қаңтарда күндіз Атырау қаласындағы Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағында зорлықпен өлтіру белгілері - көкірек қуысында түйрелген-кесілген жарақаттары бар жамылғыға оралған жас әйелдің мүрдесі табылды. Бұдан басқа, бейшара әйелдің бетінің жартысы ойық және оң аяғының табаны жоқ. Шамасы, өлгеннен кейін жабайы аңдар ауыз салғанға ұқсайды. Толықтырылды 28 қаңтар 2019, 10:01 8 562 рет қаралды
Мәскеуден қайтқан уылдырық Оқиға

Мәскеуден қайтқан уылдырық

РФ ФҚҚ шекара басқармасының қызметкерлері Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Қараөзек" өткізу бекетінде 100 келі бекіре уылдырығын өткізушіні ұстады. Мәскеуден Атырауға (!) бағыт алған уылдырықтың нарықтағы құны - 6 млн рубль (35 млн теңге). Бейнежазба 26 қаңтар 2019, 22:04 2 779 рет қаралды
Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды Оқиға

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соққан кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша айыпталып отырған облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы өтті. 23 қаңтар 2019, 18:07 4 005 рет қаралды
Аялдама мен моншадағы кісі өлімі Оқиға

Аялдама мен моншадағы кісі өлімі

14-21 қаңтар аралығында Атырау облысында 111 қылмыс жасалды, оның 95-і мұнайлы астанада болған. Ұрлық (66), алаяқтық (12) және тонау (7) қылмыстары көш бастап тұр. Құлсары қаласында жергілікті тұрғын АІІБ-не зорлау қылмысы жасалғанын мәлімдеген, қылмыстық іс қозғалды. 22 қаңтар 2019, 15:47 3 206 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

Атырау облысының Исатай аудандық соты осы жылдың 6 қаңтарында өзімен бірге тұратын анасына тіл тигізген Ш.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Мұның бірінші рет еместігін ескеріп, сот оған 10 күн мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. 17 қаңтар 2019, 16:21 3 448 рет қаралды
5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды Оқиға

5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды

№2 қалалық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталған 45 жастағы Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Л. өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқан. 10 қаңтар 2019, 16:31 4 257 рет қаралды
Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті Оқиға

Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті

Атырау қалалық №2 соты балық браконьерлігімен айыпталған 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарап, қазақстандық тәжірибеде сирек кездесетін шешім шығарды: сотталушының екеуін толық, қалған үшеуін ішінара ақтап шықты. 5 қаңтар 2019, 13:46 3 657 рет қаралды
Білім беру басқармасының басшылығына «аса ірі мөлшерде» ұрлау айыбы тағылып отыр Оқиға

Білім беру басқармасының басшылығына «аса ірі мөлшерде» ұрлау айыбы тағылып отыр

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. 5 қаңтар 2019, 13:50 5 139 рет қаралды
Білім беру басқармасының басшысы мен оның орынбасары тергеу абақтысына қамалды Оқиға

Білім беру басқармасының басшысы мен оның орынбасары тергеу абақтысына қамалды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ пен оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады. 3 қаңтар 2019, 12:41 5 748 рет қаралды
Атырауда білім басқармасының басшысы мен оның орынбасары ұсталды Оқиға

Атырауда білім басқармасының басшысы мен оның орынбасары ұсталды

"АЖ"-ға белгілі болғандай, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының жергілікті департаменті қызметкерлері Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ пен оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАНЫ ұстаған. 2 қаңтар 2019, 18:35 7 548 рет қаралды
Құлсарыда жанар май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды Оқиға

Құлсарыда жанар май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Таң қараңғысында Құлсары қаласында шолақ мылтықпен қаруланған екі адам жанар май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, 500 мыңға жуық ақша алып кеткен. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 26, 27 жастағы екі жергілікті тұрғын қамауға алынды. 25 желтоқсан 2018, 10:26 4 216 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

Атырау қалалық №2 соты азамат Г.-ге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, биылғы тамыз айында ол Исатай ауданының Жанбай ауылында белгісіз адамнан 64 кг бекіре балығы мен 500 грамм қара уылдырық сатып алып, осы қылмыстық тауарын Атырауда қайта сатып жүрген жерінен оны Атырау облыстық МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстаған. 22 желтоқсан 2018, 13:17 3 372 рет қаралды
Жемқорлықтың жазасы Оқиға

Жемқорлықтың жазасы

Атырауда биылғы шілде айында ұсталған «Транстелеком» АҚ облыстық филиалының басқарушы директоры (құрылтайшысы - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ)  Руслан ШЫРДАБАЕВ пен “Транстелеком” АҚ филиалы магистральдық желісінің аумақтық учаскесінің басшысы Ерлан ҚАБЖАЛЕЛОВКЕ үкім шықты. 16 желтоқсан 2018, 16:53 3 429 рет қаралды
Мал базарындағы көлік апаты Оқиға

Мал базарындағы көлік апаты

14 желтоқсанда «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігі қала маңындағы мал базарының дуалына соқтығысты. Базарда жүрген екі адам жараланған, олар облыстық ауруханаға жатқызылды. Көліктегі ешкім зардап шеккен жоқ - қауіпсіздік жастықтары іске қосылған. Бейнежазба 15 желтоқсан 2018, 12:52 4 183 рет қаралды
Әуелі көмектесіп, соңынан өлтірді Оқиға

Әуелі көмектесіп, соңынан өлтірді

Қазанның аяғында Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында жеке үй салынып жатқан жерде пышақ жарақатын алған 31 жастағы жергілікті тұрғынның мүрдесі табылды. Бірнеше күннен кейін жергілікті ЖШС-лердің бірінде жүргізуші боп жұмыс жасайтын 36 жастағы көршісі ұсталды. 10 қараша 2018, 12:14 2 709 рет қаралды
Доссор-Құлсары трассасында болған көлік апатында бір адам қаза болды Оқиға

Доссор-Құлсары трассасында болған көлік апатында бір адам қаза болды

Доссор-Құлсары трассасының 97-ші шақырымында кісі өлімімен аяқталған көлік апаты болды: 42 жастағы Өзбекстан азаматы жүргізіп келе жатқан Largus көлігі рөлінде отандасы отырған тағы бір Largus көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан көліктердің біріндегі жолаушы - 24 жастағы Өзбекстан азаматшасы көз жұмды. 10 қараша 2018, 12:26 3 541 рет қаралды
Мұнайлы астананың қылмыстық аптасы Оқиға

Мұнайлы астананың қылмыстық аптасы

Атырау облысында 29 қазан мен 5 қараша аралығында 75 қылмыс орын алған, оның 73-і Атырау қаласында болған. Ұрлық қылмысы көш бастап тұр (62).  Сондай-ақ, абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырған, өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзуге, орташа ауырлық дәрежесінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстары да тіркелген. 5 қараша 2018, 22:17 2 449 рет қаралды
Саунадағы жеңгетай Оқиға

Саунадағы жеңгетай

№2 Атырау сотында 36 жастағы Өзбекстан азаматшасына қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы (жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот Привокзальныйдағы сауналардың бірінде әкімші болып жұмыс істеп жүрген М.-ның 2018 жылдың қыркүйегінде саунадағы екі клиенттің өтініші бойынша оларға интимдік қызмет үшін қыздар шақырғанын анықтады. 24 қазан 2018, 12:40 4 707 рет қаралды
Атыраулық әйелдің өлімі Әзірбайжан телеарнасының эфирінде анықталды Оқиға

Атыраулық әйелдің өлімі Әзірбайжан телеарнасының эфирінде анықталды

Бұл қайғылы оқиға Қазақстанда айтарлықтай резонанс тудырды. Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Атыраудың 33 жастағы тұрғынының өлімі туралы хикая оның туыстары мен Әзірбайжан телеарнасының «Сені іздеймін» бағдарламасының арқасында ашылды. 22 қазан 2018, 15:39 3 799 рет қаралды
Мұқыр ауылында мас жігіт полицейді жаралады Оқиға

Мұқыр ауылында мас жігіт полицейді жаралады

“АЖ”-ға белгілі болғандай, 19 қазанда Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында көшеде мас күйде жүгенсіз әрекеттер жасап жүрген жергілікті жас тұрғынды полиция капитаны Артур ҚАНАТОВ ұстайды. Бірақ оны тірек пунктіне жеткізу кезінде мас бұзақы ас үй пышағын полицейдің ішіне тығып алған. 20 қазан 2018, 16:17 4 257 рет қаралды
Алаяқтық әрекеттер анықталды Оқиға

Алаяқтық әрекеттер анықталды

Алматы, Павлодар, Атырау облыстарында, Астана мен Алматыда «ҚазТрансОйл» АҚ атынан бұрын қолданылған құбыр өнімдерін сату жөнінде жалған құжаттар жасаумен айналысатын тұлғалар тобының алаяқтық әрекеттері анықталды, - деп хабарлады мұнай құбыры компаниясының баспасөз қызметі. 19 қазан 2018, 12:13 2 903 рет қаралды
Атырау прокуратурасы салық қызметкерлерін қатаңдық көрсетпегені үшін жазалады Оқиға

Атырау прокуратурасы салық қызметкерлерін қатаңдық көрсетпегені үшін жазалады

Атырау облыстық прокуратурасы салық берешегін өндіріп алу толықтығына қатысты өңірлік мемлекеттік кірістер органдарына тексеру жүргізді. Құқық бұзушылықтар көп анықталды. Атап айтқанда, борышкерлердің банктік шоттарындағы шығын операцияларының уақтылы тоқтатылмағаны, сондай-ақ, олардың мүлікке иелік етудегі құқықтары әрдайым шектелмегендігі анықталды. 2 қазан 2018, 11:39 2 628 рет қаралды
Зорлықшы әлеуметтік желі арқылы бопсалаған Оқиға

Зорлықшы әлеуметтік желі арқылы бопсалаған

Атырауда сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп күдіктелген 24 жастағы қала тұрғыны М. ұсталды. Оның құрбанына айналған нәзік жандылар, соның ішінде, жас қыздар әлеуметтік желілерде онымен интимдік хаттар жазысып тұрған. 30 қыркүйек 2018, 17:58 3 845 рет қаралды