Атырау, 20 сәуір 13:30
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Батыста бой тасалай алмады

2 606 просмотра


Атырауда полицейлер өткен жылдың желтоқсан айынан бері Шымкентте қарақшылық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан 17 жастағы Қызылорда тұрғынын ұстады.

Қылмыс жасағаннан кейін оңтүстіктің тумасы батысқа бет алып, ақыр соңында осы жерде ұсталды. Ал осы уақытта оған мемлекетаралық іздеу жарияланған екен. Өйткені, ТМД елдерінің бірі Өзбекстанда жасырынып жүрген болуы керек деген жорамал болған.

- Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

«Мемлекетаралық» іздеу – ТМД елдерінде, ал «халықаралық» іздеу – басқа елдерде екенінін түсіндіре кеткен артық болмас. Атырау полициясында мемлекетаралық статистика бойынша бәрі жақсы: өткен жылы 88, ал биылдан бастап 23 қашқын ұсталған.

Фархат ӘБІЛОВ

5 сәуір 2019, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.