Атырау, 5 желтоқсан 11:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Нан арасындағы "есірткі"

3 804 рет қаралды

Көрнекі сурет
Тек бір апта ішінде Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінде (ерлер түзету колониясы) сотталушыларға есірткілік заттар бермек болған 3 әрекеттің жолы кесілді. Үш жағдайда да құрамында апиыны бар ауырсынуды басатын күшті әсерлі препаратты өткізбек болған. Ал бұл препарат дәріханаларда бірнеше мөртаңба соғылған рецепт бойынша ғана сатылады. Бұларды алып өтпек болғандардың тапқырлығы да таң қалдырады.


Сотталушы М.-ның анасы ұлымен қысқа уақыт кездесуге жаңғақ алып барады. Әлгі «дәрі» жаңғақ қабығының ішіне желімделіп жапсырылған екен. Басқа бір жағдайда анасы ұлына капсулаларды ішіне салып, тәтті нан пісіріп апарған. Тағы бір жағдайда құймақтарды пайдаланған.

- Мекеме қызметкерлері әкелінетін затты міндетті түрде тексереді, - дейді УГ-157/9 режим бөлімінің бастығы Ринат ОРАҚОВ. Осылайша түрлі тәсілмен жасырылған тыйым салынған заттар табылып жатады.

Фархат ӘБІЛОВ

25 сәуір 2019, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.