Атырау, 5 желтоқсан 11:32
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ескі "Уралмен" балық ұрлап ұсталды

3 045 рет қаралды

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп жүргізген рейд барысында нөмірі жоқ ескі екі «Урал» мотоциклін тоқтатты. Тексеру кезінде олардан 102 келі заңсыз ауланған қара балық табылды.

- 51, 40 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын ұсталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабының 3-тармағы (Балық аулау қағидаларын өрескел бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері тіркелмеген және құжаттары жоқ 6 браконьерлік мотоцикл тәркіленді.

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ЖП баспасөз қызметі ұсынған сурет

18 ақпан 2019, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.