Атырау, 26 желтоқсан 04:25
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Тек зауыт шамдары болуы тиіс

3 168 рет қаралды

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет
Атырау қаласының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі рейд барысында 213 ереже бұзушылықты анықтады. Ең алдымен көліктердің заңсыз қайта жабдықталуына қатысты тексерілді.


- Атап айтқанда, көліктеріне өздіктерімен ксенон шамдар мен Led- лампалар орнатқан жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабының 7-тармағына («Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару») сәйкес келеді. Мұндай ереже бұзушылық үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл төленеді, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. - Айыппұл төлемеген және ереже бұзушылықты түзетпеген көлік иелері техникалық тексеруге жіберілмейді.

Анастасия АЛЮШИНА
30 қаңтар 2019, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.