Атырау, 30 мамыр 16:24
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр

4 221 рет қаралды


Атырауда Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша өткен жылдың желтоқсанында қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Іс ҚР ҚК-тің 328-бабы (Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу) бойынша жүріп жатыр.

- Бүгінде Атырауда ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр,- деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ. - Жақында Алматыдан мамандар келіп, биологиялық материалды алды.  

Облыстың бас полицейі ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 201-бабына сүйеніп, нақты деректер бермеді. 

Фархат ӘБІЛОВ



10 ақпан 2019, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.