Атырау, 27 қаңтар 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

Сәбиді намазды "дұрыс оқымағаны" үшін өлтірген

2 470 рет қаралды


Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты 5 жасар өгей ұлын өлтірді деп айыпталған Атырау облысының 22 жастағы тумасына қатысты үкім шығарды.

Сотта анықталғандай, 2018 жылы 5 желтоқсанда Шымкенттегі медреседе оқитын жас адам Құптан намазын дұрыс оқымадың деп өгей баласын қатыгездікпен ұрып-соққан. Алған зақымнан бала бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.

Сот Е.Ж.-ны ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы ("Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде (жалпы режим колониясында) 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Фархат ӘБІЛОВ

21 ақпан 2019, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.