Атырау, 9 шілде 04:11
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Аптаның қылмыстық хроникасы

2 350 просмотра


18-25 ақпан аралығында Атырау облысында 85 қылмыс, соның ішінде 59 тонау (51-і облыс орталығында), 4 – бұзақылық, 3 тонау, 2 зорлау, 1 көлік ұрлау қылмыстары жасалды. Көлік ұрлаушы алысқа ұзамады.

18 ақпанда кешкісін қала маңындағы Ракуша ауылының тұрғыны Toyota Camry көлігін тәулік бойына жұмыс істейтін көлік жуатын орынға қалдырып кеткен. Ал таңертең көлігін алып кетуге келсе, көлігі жоқ болып шығады. Абыржып қалған ер адам көлік жуушы қызметкермен cөйлеспестен, бірден полицияға хабарлайды. Көлік туралы мәліметтер «Интеллектуалды қиылыс» бақылау жүйесінің базасына енгізіліп, 5 минуттан кейін Баймұханов пен Амандосов көшелерінің қиылысынан табылды. ЖБО (Жедел басқару орталығының) қызметкерлері бұл туралы жол патрульдеріне хабарлады. Көлік ұрлаушы (кейбір мәліметтер бойынша, ол кәмелетке толмаған) көп кешікпей Еркінов көшесінің бойындағы азық-түлік дүкенінің жанынан ұсталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-тармағы ("Автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жалпы жыл басынан бері 3 көлікті ұрлау қылмысы ашылды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 ақпан 2019, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.