Атырау, 25 сәуір 08:59
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қолға түскеннің бәрін жымқырып келген

Бейнежазба
2 937 просмотра


Полиция қызметкерлері бірнеше ай бойы Атырауда пәтер ұрлығымен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Олар үй иелері жоқ кезде пластик терезелерді ығыстыру арқылы үйге түсіп, жолында кездескеннің бәрін жымқырып келген. Үй ұрылары 35 ұрлық жасағанын мойындап, олардан 150-ге жуық айғақ заттар тәркіленді.  

Ұсталғандар қамауға алынды, қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Екеуі де 25 жаста және Жылыой ауданының тумалары.

- Тәркіленген заттардың көбінің иелері белгісіз болғандықтан зардап шегуші тұрғындардан өз заттарын танып алу үшін №1 қалалық полиция бөліміне (Балықшы) хабарласуларын сұраймыз. Бұл заттардың арасында ноутбуктер, зергерлік бұйымдар, телефондар, түрлі гаджеттер мен приставкалар, кеңсе техникалары, қолсағаттар, құрылыс құрал-саймандары мен басқа да бұйымдар бар, - дейді полицейлер. Бұған заттың сізге тиесілі болғанын растайтын дәлел қажет шығар.

Полиция азаматтарға өз мүліктеріне қырағылық танытуды: терезелерге темір торлар орнатып, бейнебақылау камераларын қондыруды және үйіңізді ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауды сұрайды.


Фархат ӘБІЛОВ

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған бейнежазба

29 мамыр 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.